Алғашқы республикалық «Асар» үшжақты серіктестік форумын өткізу барысында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасы арасында серіктестік жөніндегі келісімге қол қою рәсімі өтті.

Серіктестің мақсаты кәсіпкерлік субъектілері мен олардың ассоциацияларының (одақтарының) коммерциялық емес ұйымдармен өзара сәтті іс-қимылын ұйымдастыру саласындағы міндеттер мен функцияларды іске асыруда күштерді жұмылдыру арқылы Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамытуға септігін тигізу болып табылады.

Серіктестік ақпарат алмасу, ұсынымдар жолдау, талдамалық шолулар, презентациялар, келісімдер, шарттар, хаттамалар, қарарлар мен өзге құжаттар жасасу арқылы іске асырылатын болады. Сонымен қатар, жобалар, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен брифингтер ұйымдастыру сияқты өзара іс-қимыл түрлері қолданылуы мүмкін.

Серіктестік туралы келісімге Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов пен «Атамекен» КҰП басқарма басшысының орынбасары Эльдар Жұмағазиев қол қойды.

Сондай-ақ, форум аясында бизнес-құрылымдар мен ҮЕҰ арасында бірлескен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін жалпны саны 10 меморандумға қол қойылды. Қол жеткізілген келісімдер мен меморандумдар үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын оңтайландыруға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласында екі күндік республикалық «Асар» форумы өтуде. Шараның ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Қазақстан Республикасы «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасы және Атырау облысының әкімдігі. Сондай-ақ, форумның серіктестері - «Chevron», «Tengizchevroil», «Raimbek Group» ЖШС, Қазақстан жастар конгресі, «Жастар таңдауы- Атырау» қоғамдық ұйымы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес ұйымы.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Баспасөз қызметі

Жарияланды: 30 қазан 2017

Мұрағат

Қазан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту