ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспары туралы әділет министрі Марат Бекетаев баяндады.

Министрдің айтуынша, Жоспар жобасы 2018 жылы 16 заң жобасын әзірлеуді және Парламентке енгізуді көздейді. Олардың ішінде көлік мәселелері бойынша, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігіне кепілдік беру, гидротехникалық құрылыстар қауіпсіздігі, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы, т. б заң жобалары бар. Жалпы, 5 дербес заңды әзілеу көзделген және 10 әрекеттегі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

«Сонымен қатар ҚР МСМ дене шынықтыру мен спорт мәселелері жөнінде ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастама білдірді», — деп қорытындылады М. Бекетаев.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 31 қазан 2017

Мұрағат

Қазан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту