Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астана процесінің 7-ші раундына қатысушы Сирия Үкіметінің және қарулы оппозициясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Екі кездесу барысында да делегация өкілдері Қазақстан басшылығына Сириядағы ахуалды бейбіт реттеу жөніндегі табанды ұстанымы және келіссөздер процесін жақсы ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдіріп, министрге Астанада жалғасып жатқан келіссөздердің күн тәртібіндегі барынша маңызды мәселелерге қатысты өздерінің ұстанымдарын хабардар етті.

Бұл жолғы келіссөздердің кезекті раунды барысында Сириядағы тұтқындар мен кепілге алынғандарды босату, қаза тапқандардың мүрдесін беру және із-түссіз жоғалғандарды іздеу, ел аумағының басым бөлігін минадан залалсыздандыру және елдің түрлі елді мекендеріне гуманитарлық жүктердің кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар Астана процесі аясында нәтижелі жұмыстарға қол жеткізуге пейілді екендіктерін білдірді.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 31 қазан 2017

Мұрағат

Қазан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту