Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев цифрлық технологиялар жөніндегі вице-президент Уилиям Ру басшылық еткен General Electric компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында компаниямен ел экономикасының түрлі салаларында цифрландыру бойынша перспективалы инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.

Анықтама: General Electric — өнеркәсіп пен цифрлық технологиялар бойынша әлемдік көшбасшы. Компания Қазақстанда көптеген жылдар бойы көліктік машина жасау, энергетика, денсаулық сақтау, авиация, сондай-ақ, мұнай-газ салаларында қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда GE «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «ҚТЖ», «ҚазМұнайГаз», Air Astana, Kaz Minerals және ERG-мен серіктестікте маңызды инфрақұрылымдық міндеттерді шешуге қатысып жатыр.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 13 қараша 2017

Мұрағат

Қараша
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту