Сейсенбі күні, 14 қарашада, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

- Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөніндегі алдағы шаралар.

- Электрондық сауда-саттықты дамыту мәселелері.

- Денсаулық сақтаудағы цифрландыру.

- Пхенчхан қаласындағы (Оңтүстік Корея) 2018 жылғы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығы өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Үкімет отырысы мен баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, Facebook, Вконтакте, Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 13 қараша 2017

Мұрағат

Қараша
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту