Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев компанияның вице-президенті Хавьер Лассо Пенаның басшылық етуімен ArcelorMittal өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстандағы ArcelorMittal компаниясының қызметіне қатысты мәселелер, сондай-ақ, болатты әлемдік нарықтарға экспорттаудың кейбір аспектілері талқыланды.

Анықтама: ArcelorMittal — әлемнің ірі металлургиялық компаниясы. Люксембургте тіркелген және сонда компанияның штаб-пәтері орналасқан. 2006 жылы люксембургтік Arcelor компаниясы мен үнді бизнесмені Лакшми Митталға тиесілі үнділік Mittal Steel компанияларының бірігуі нәтижесінде құрылған. Компаниялар біріккеннен кейін өндірістік қуаттылығы жылына 420 млн тоннаны құраған.

Компанияға Қазақстанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ тиесілі, оған Қарағанды металлургия комбинаты, сегіз көмір шахтасы, екі электр стансасы, Лисаков тау-кен байыту комбинаты, темір марганец кеніштері және қосалқы кәсіпорындар кіреді. 1995 жылы Қарағанды металлургия комбинатын жекешелендіру бойынша жабық тендерде сатылып «Испат Кармет» АҚ ретінде құрылған. 2004 жылғы желтоқсанда «Испат Кармет» «Миттал Стил Теміртау» АҚ ретінде тіркелді, ал 2007 жылғы 6 қыркүйекте «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болып қайта тіркелді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 27 қараша 2017

Мұрағат

Қараша
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту