ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев кәсіпкерлерді денсаулық сақтау нысандарын жекешелендіруге қатысуға шақырды.

Айта кетейік, Астанада "Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласына инвестициялар" тақырыбында алғашқы халықаралық форум өтіп жатыр. Онда денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту, мемлекет пен жекеменшік медицинаның ынтымақтастық үлгілерін іздестіру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқылануда.

"Ел экономикасына мемлекеттің қатысуын ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін азайту мақсатында Мемлекет басшысы Үкіметке жекешелендіруді жеделдетіп, 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды. Бұл денсаулық сақтау жүйесіне де қатысты. Жекешелендіру формасы жаңа меншік иелеріне мемлекет иелігіндегі активтерді сатудан бастап, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, сенімгерлік басқару және басқа да түрлі кооперация формаларын енгізуге дейін әртүрлі болмақ. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жеке сектор өкілдерін бұл процеске белсене қатысуға шақырамын", - деді вице-премьер.

Үкімет басшысының орынбасары Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен отандық және шетелдік инвесторларға жаңа мүмкіндіктер сыйлайтын инвестициялар туралы жаңа заңнаманың қабылданғанын атап өтті. Сондай-ақ, инвестициялар мен инновацияларға қолдау көрсететін дамыған институттар бар.

Е.Досаевтың айтуынша, бүгінде денсаулық сақтау саласын әлеуметтік сала деп қана емес, экономиканың маңызды бөлімі деп қараған жөн. Мәселен, 2020 жылға қарай әлеуметтік салаға арналған мемлекеттік бюджет шығындары 47,4 пайызға жетеді, оның басым бөлігі денсаулық сақтау саласына тиесілі.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемімен жұмыс істейтін бірегей оператор ретінде өз қызметін бастайды. 2020 жылдан бастап, Қорға жиналған қаражатқа байланысты денсаулық сақтауды қаржыландыру құрылымында елеулі өзгерістер орын алады.

Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігіне тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қызмет көрсету үшін жеке медициналық ұйымдардан көптеген өтінімдер келіп түскен. Сәйкесінше, Үкімет республиканың денсаулық сақтау жүйесін инвестициялағысы келгендерге қолайлы жағдай жасамақ.

Сонымен бірге, Ерболат Досаев сапалы қызмет көрсету аясында денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту ғана емес, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту мен цифрлық трансформациялаудың да маңызды екенін жеткізді.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 30 қараша 2017

Мұрағат

Қараша
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту