ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Қазақстан және Вьетнамның сыртқы саяси ведомстволарының арасындағы саяси консультациялардың 7-ші раундына қатысты.

Консультациялар барысында саяси және сауда-экономикалық салаларда қазақстандық-вьетнамдық қатынастардың қазіргі жағдайы және болашағы талқыланды.

«Осы жылы біз Қазақстан және Вьетнам арасында дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтудеміз. Бүгін еліміздің арасындағы қарым-қатынастар барлық салаларда дерлік сәтті әрі тұрақты дамып келеді. Бұл ретте біздің қатынастарымыздың болашағы зор және оларды одан әрі қарқындатуға жақсы мүмкіндіктер бар», - деп атап өтті А. Камалдинов.

Дипломаттың айтуынша, Қазақстан және Вьетнамды сыртқы саясатта да ортақ басымдықтар біріктіреді. Мемлекеттеріміз арасында қандай да бір келіспеушілік жоқ. БҰҰ, АӨСШК, Азия-Еуропа форумын қоса алғанда елдеріміз көпжақты ынтымақтастық аясында ықпалдасып, бір-бірінің бастамаларын өзара қолдап отырады.

А.Камалдинов сауда-экономикалық өзара әрекеттесудің бар әлеуетіне назар аудара отырып, 2015 жылы мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер мен Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы келісіміне қол қойылғаннан бері, елдеріміздің алдында өзара сауданы кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып отырғанын атап өтті.

Вьетнам делегациясының басшысы, Сыртқы істер министрінің орынбасары Данг Динь Куи Вьетнам үшін Қазақстан ТМД және Орталық Азия өңіріндегі ең маңызды әріптестердің бірі болып табылатынын жеткізді.

Вьетнамдық дипломат екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын жоғары бағалап, қазақстандық-вьетнамдық қатынастарды одан әрі кеңейту бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажеттігін ерекше атап өтті.

Тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының арасында саяси консультацияларды жалғастыруға ықылас білдірді.

Сол күні А. Камалдинов Вьетнам Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Фам Бинь Миньмен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы 25 жылдық ынтымақтастыққа баға берілді.

Фам Бинь Миньнің сөзіне қарағанда, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы келісімді іске асырудың жылдық қорытындысы бойынша Қазақстанмен сауда айналымының тұрақты өсуі байқалуда.

Сонымен қатар халықаралық және өңірлік күн тәртіптің негізгі мәселелері бойынша пікір алмасу орын алды. А. Камалдинов 2018 жылғы қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның төрағалығы барысында қазақстандық тарап жоспарлаған іс-шаралар туралы хабардар етті.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 05 желтоқсан 2017

Мұрағат

Желтоқсан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту