Бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова журналистердің өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды ресімдеу жұмыстары жайында қойған сұрақтарына жауап берді.

Министр Тамара Дүйсенованың айтуынша, 2016 жылдың желтоқсан айынан 2017 жылдың наурыз айына дейін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде барлық ел азаматтарының мәртебесі тексерілді. Салыстырып тексеру нәтижесінде 13,2 млн адамның әлеуметтік мәртебесі анықталды, ал 5,7 млн адамның мәртебесі анықталмады.

«Олар Қазақстанда өмір сүреді, бірақ олар міндетті зейнетақы жарналарын төлейтін жұмысшылардың арасында да емес, сондай-ақ студенттердің немесе әлеуметтік төлемдер алушылардың қатарында да емес», — деді Тамара Дүйсенова.

Осы азаматтардың мәртебесін айқындау үшін министрлік олардың тұрғылықты жерін электронды форматта көрсете отырып, облыс әкімдеріне аула бойынша тексеріс жүргізу үшін жіберді. 2017 жылдың сәуір–тамыз айларында аула бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 3 млн адамның мәртебесі анықталды.

Қазіргі таңда білім және ғылым министрлігі, әділет, ішкі істер министрліктері аталған жұмысқа тартылған. Олар мемлекеттік органдардың ақпараттық деректер базасында 943 мың азаматтың деректерін жаңартуы керек, олардың қатарында елден кеткен және қайтыс болған адамдар немесе студенттер бар.

Қалған 1,2 млн адам өздерінің бейресми жұмыспен қамтылғанын айтты. Тиісінше, оларға зейнетақы жарналары төленбейді. Бүгінгі таңда жағдай ішінара түзетілді: олардың 560 мыңы үшін қазір зейнетақы жарналары есептеледі, 54 мың кәсіпкер қайта тіркеуден өтті және көлеңкелі бизнестен шығарылды.

Бұған қоса, Тамара Дүйсенова ҚР ЕХӘҚМ басты міндеті — өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз 1,5 млн адамды өнімді жұмыспен қамтуға тарту. 2018 жылы олардың 571 мыңын жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Осы мақсатта 743 мың әлеуетті жұмыс орны анықталды.

Қатысушылардың басым көпшілігі Өнімді жұмыспен қамту және аумақты дамыту бағдарламаларына тартылады. Олардың жартысынан көбі тұрақты жұмыс орындарына жіберіледі. Қалғандары — субсидияланатын жұмыс орындарына және талап етілетін мамандықтар бойынша оқытуға бағытталады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 16 қаңтар 2018

Мұрағат

Қаңтар
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту