Қазақстанда қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылуы ықтимал. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заң жобасын таныстырған елімізідң Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

«Қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне кіретін субъектілердің аясын белгілеу ұсынылады. Оларға қатысты қаржылық, ақпараттық-консультациялық, сыртқы экономикалық және кадрлық мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуі мүмкін. Мемлекеттік қолдау көрсету шаралары қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің мемлекеттік, квазимемлекеттік және жекеменшік нысанындағы кез келген отандық ұйымына қолданылатындығын атап өткім келеді», - деді ол.

Бейбіт Атамқұловтың дерегінше, 2017 жылы әскери мақсаттағы өнімдер экспортының көлемі 2 есе артып, мұндай өнімдер өндірісі 14 пайызға өсім көрсеткен. Мұндай нәтижеге қорғаныс-өнеркәсіп саласына жеке инвесторлардың келуінің арқасында қол жеткізіліп отыр.

«Отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылай қолдау және саладағы ұйымдарды жаңғырту мақсатында заң жобасында Қорғаныс-өнеркісіп кешенін дамыту қорын құру мүмкіншілігі қарастырылған. Заң жобасының аталған нормасын жүзеге асыру үшін Үкіметтің аталған қорды құру туралы қаулысының жобасы да әзірленген. Сонымен қатар қорды құру жөніндегі инвестициялық ұсыныстар мен салалық қорытынды да дайын», - деді министр.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 01 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту