Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында Төртінші өнеркәсіптік революцияның ел экономикасының нақты секторына әсері мәселелері талқыланды. «Сентранс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Е. Әбдіразақов отырыс қатысушыларына Үшінші технологиялық революция тұрғысынан жаңа экономикалық өсім моделін әзірлеу бойынша зерттеуді ұсынды.

Талқылауға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, «Астана» халықаралық ғылыми кешені» орталығының басшысы А. Боранбаев, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж. Күлекеев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, «Ракурс» экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры О. Жандосов, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж. Ахметов, «Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Ү. Шаяхметова, «Қоғамдық мәселелерге талдау жасау орталығы» қоғамдық қорының директоры М. Махмұтова және басқалары қатысты.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 01 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту