ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, нарық процестерін автоматтандыру мен біріктіруді қамтамасыз ететін «Е-КТРМ» бірыңғай ақпараттық жүйесін құру жөнінде айтып берді.

«Біз ЕАЭО-ға қосылдық, бізде сертификаттарды мойындауды қоса алғанда, көптеген бірін-бірі алмастыратын құжаттар пайда болды. Әрине, өзара алмасу тұрақты түрде жүргізілуі керек», — деді Қайырбек Өскенбаев.

Вице-министр атап өткендей, биыл ҚР ИДМ Қазақстанда да, ЕАЭО аясында да барлық процестердің автоматтандырылуы мен бірігуін қамтамасыз ететін электронды порталды іске қосады.

«Өнімнің барлық циклінің қадағалануын көргіміз келеді. Қазақстан аумағындағы барлық өнімдерді бақылау керек. Сіз тұтынушы ретінде, дүкенге келгенде кез-келген қызметті ала отырып, автоматты түрде барлық шығу процесін көруіңіз керек. Бұл біздің жоспарымыздағы электрондық формат», — деп қорытындылады Қайырбек Өскенбаев.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 06 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту