ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің 2018 жылғы 9 ақпандағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуы туралы нақты жоспарлар жөнінде энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндады.

Қанат Бозымбаев 4-ші мұнай өңдеу зауыты құрылысының жоспарлары туралы баяндады. Энергетика министрінің айтуынша, МӨЗ-дің құрылысы мен қаржыландыру нұсқалары, мерзімдері, әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізу жөнінде жаңа Жұмыс тобы құрылды. Тиісті Жол картасы әзірленіп, осы жылдың 15 ақпанында Ведомствоаралық комиссия отырысында бекітуге ұсынылады.

Министр газ химиялық жобаларды іске асыру туралы айта отырып, «Самұрық-Қазына» қоры жалпы құны $9 млрд көлемінде полипропилен және полиэтилен шығару бойынша екі ірі газ-химиялық жобаны жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Оларға мемлекеттік қолдаудың жүйелік шаралары ұсынылады.

Бірінші жоба бойынша — қуаттылығы жылына 500 мың тонна болатын полипропилен өндірісі — шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі шешілген, заңнамалық деңгейде шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімдері бойынша және жобалау мен құрылыста халықаралық нормаларды қолдану бойынша кедергілер жойылған.

2016 жыл соңында CNCEC қытай компаниясымен ЕРС келісім шарт жасалды, 2017 жылы ЖСҚ әзірленді және бас мердігерге құрылыс жұмыстары басталғаны туралы хабарландыру берілді.

Мұнай-химиялық АЭА (Атырау қ.) инфрақұрылым құрылысы үшін 110,7 млрд теңге бөлінді. Бүгінде жоба бойынша егжей-тегжейлі инжиниринг жүргізілуде, ұзақ мерзімде әзірленетін қондырғылар тапсырысқа әзірленуде. 2018 жылы «Самұрық-Қазына» бағаналық және іргелі жұмыстар мен жер асты инженерлік желілерді төсеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Құрылысты аяқтау мерзімі — 2021 жыл.

Полиэтилен өндірісі бойынша, құны – $6,5 млрд, жылына қуаттылығы 1 250 мың тонна болатын екінші жобаға қатысты айтар болсақ, 7 ақпанда стратегиялық әріптес Borealis компаниясы (Австрия) алдын ала ТЭН-нің нәтижелерімен таныстырды, және наурыз айында ҚР Үкіметімен меморандумға қол қою сияқты бірінші кезекті шаралардың мерзімін атап өтті. Сол айда ТЭН әзірлеу үшін бірлескен компанияны құру жоспарда бар. ТЭН жобасын 2018 жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.

«Астана қаласын, орталық және солтүстік өңірлерді газдандыру мақсатында «ҚазТранГаз» «Сарыарқа» магистралды газ құбырының құрылысы» жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі. Оң сараптамалық қорытынды бар. Қазіргі таңда, ЕҚДБ-ден несиелік қаражат тарту есебімен жобаны қаржыландыру мәселесі пысықталуда», — деп баяндады Қанат Бозымбаев.

Осыған орай, ұлттық экономика, қаржы министрліктері, Астана қаласының әкімдігі, «Самрұқ-Қазына», «ҚазМұнайГаз», «ҚазТрансГаз» өкілдерінің қатысуымен «Сарыарқа» магистралды газ құбырының құрылысын қаржыландыру схемасы мен шарттарын анықтау үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып жатыр.

Жобаның әлеуметтік-экономикалық нәтижесі:

Астанада 192 жеке қазандықты, 48 кіші коммуналдық қазандықты, жеке тұрғын секторын (22 мыңға жуық аула), сонымен қатар, ЖЭО-1,3-ның су жылытқыш қазандарын дизельдік отыннан газға ауыстыру;

Астананың экологиялық жағдайын жақсарту, есепке сейкес атмосфераға шығарындылардың көлемін жылына 34,6 мың тоннаға төмендету.

Бұдан басқа, магистралдық газ құбырының трассасын бойлай инфрақұрылымды дамытуға және табиғи газды пайдалану арқылы жаңа өндірістерді құруға мүмкіндік пайда болады.

Қанат Бозымбаев 2018 жылы электр энергиясына шекті тарифтерді әрі қарай төмендету бойынша жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

«Электр энергиясына шекті тарифтерді қайта қарау мақсатында ұлттық экономика министрлігі мен өзге де мүдделі органдардың және «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылуда», — деді министр.

Қанат Бозымбаев халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі туралы да баяндап өтті.

Жедел деректерге сәйкес, 2018 жылдың басынан бері 12,7 млн тонна көмір өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96,8% құрады (13 136,4 мың тонна).

2018 жылдың басынан бері көмір өндіруші кәсіпорындар:

электр станцияларына – 7,3 млн тонна көмір жүктеді.

коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және тұрғындарға — 1,2 млн тонна көмір жүктелді.

экспорт көлемі — 3 млн тонна көмір.

«Көмірмен қамтамасыз ету бойынша жүйелік жұмысты қалыпқа келтіру үшін жергілікті атқарушы органдар көмірді жеткізу, сату және оның қорының көлемі бойынша тәулік сайын мониторинг жүргізіп, энергетика министрлігі штабына күнделікті негізде арнайы форма бойынша ақпарат жіберіп отыруы тиіс. Әрі қарай Үкіметке апталық негізде ақпарат ұсынылатын болады», — деп қорытындылады энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 13 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту