Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев инновацияларды дамыту саласындағы халықаралық сарапшы Гюнтер Паулимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жаһандық технологиялық атқарымдарды пайдалану және отандық және шетелдік кәсіпорындардың инновациялық бизнес жобаларға қызығушылығын тудыру арқылы Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы мәселелері талқыланды.

Анықтама: Гюнтер Паули «Көк экономика: 10 жыл, 100 инновация, 100 миллион жұмыс орны» (The Blue Economy: 10 years, 100 innovations, 100 million jobs) кітабының авторы, онда табиғи үдерістерге еліктей отырып, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдасы бар жаңа табысты бизнес үлгілерді жасауға болатыны көрсетілген. Ол қазба ресурстарын пайдалаудан әлдеқайда қарапайым және экологиялық технологияларды қолдануға баса назар аудара отырып, қарапайым индустриялық үдерістерге балама ұсынады.

«Көк экономиканың» негізгі қағидалары:

кез келген ресурсты ол өндіріске қажет болса басқасымен алмастыруға болады;

табиғатта қалдық болмайды;

кез келген жанама өнім жаңа өнім үшін көз болып табылады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 15 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту