Елімізде жылдың соңына дейін құжат айналымынан 18 миллион анықтама алынып тасталатын болды.

«2 миллион анықтаманы біз бүгінге дейін алып тастадық. Жылдың соңына дейін тағы 18 миллионын алып тастау керекпіз. Бірақ, бұл үшін интеграцияны қамтамасыз ету керек», - дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев.

Вице-премьердің айтуына қарағанда, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек.

«Бұл бағытта (Цифрлық Қазақстан - авт.) ауқымды жұмыс атқарылды. Даму көкжиегі баршылық. Атқарылған жұмыстардың арқасында анықтамалардың 50 пайызын қолданыстан алып тастауға болатынын түсіндік», - дейді ол.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 16 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту