Бүгін ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев қазақстандық өнеркәсіпті цифрландыру барысы туралы айтып берді.

Тимур Тоқтабаевтың айтуынша, ҚР ИДМ қазақстандық өнеркәсіпті цифрландыру бойынша жұмысты жалғастырады. Іске асыру үдерісінде бірқатар перспективалы жобалар бар. Солардың бірі — «Цифрлық кеніш», ол бүгінгі таңда пилоттық режимде «Алтыналмас» компаниясымен бірге жүзеге асырылады. «АК Алтыналмас» АҚ Қазақстандағы жетекші алтын өндірушілердің бірі — жылына 4 мың тоннадан астам алтын өндіреді.

«Ақпараттық технологиялар негізінде автоматтандырудың толық циклін іске асыру, өндірісті цифрландыру, бизнес үдерістерді жүйелендіру жоспарланған», — деді вице-министр Тимур Тоқтабаев.

«Цифрлық кеніш» жобасының мәні көптеген жабдықтарға арнайы құрылғылар орнатылады. Мысалға, кен тасымалдайтын көліктерде аталған құрылғыларды пайдаланған жағдайда ЖЖМ шығындары азаяды. Тоқтап қалулардың болмауы, аталған жабдықты әлдеқайда тиімді пайдалану арқылы шахталық жабдықтардағы қысқару 55%-дан асады.

Осылайша, бүгінгі таңда «Алтыналмас» бірінші кезеңін іске асыру кезінде шығындарды 15-20% азайту мүмкін болды.

«Бүгінде бизнестегі басты мақсат осы – жаңа технологиялардың көмегімен шығын бөлігін қысқарту және өзінің бәсекелік артықшылықтарын жақсарту», — деді Тимур Тоқтабаев.

РrimeМinister.kz тілшісінің өндіру секторын цифрландыру туралы сауалына жауап берген Тимур Тоқтабаев бүгінгі таңда инновациялар және цифрландыру саласында бүкіл әлем бойынша жаңа өсу нүктелері пайда болғанын атап өтті.

«Үнемі жаңа күтпеген технологиялар пайда болып отырады. Сол себепті, қазір үлкен перспективада жоспарлау өте қиын. Бірақ, экономика секторларында жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану қажет екені бәрімізге түсінікті. «Алтыналмас» – осыны түсінген алғашқы компаниялардың бірі», — деп баса айтты Тимур Тоқтабаев.

Сондай-ақ, вице-министр Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінде қазіргі уақытта процестерді 3D-визуализация, шахталардағы өнеркәсіптік интернет, жасанды интеллектті пайдалану арқылы жоспарлау және геологиядағы жобалау және т. б. сияқты серпілісті жобалар енгізілуде.

Анықтама: «Алтыналмас» басты жетістігі Жамбыл облысы Ақбақай өңірінде Ақбақай, Бескемпір және Карьерное кен орындарының, сондай-ақ Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында Пустынное кен орнының қорлары базасында халықаралық класты заманауи жоғары технологиялы тау-кен өндіретін және қайта өңдеу өндірістерін құруы болды.

Бүгінде «Алтыналмас» өндірістік филиалдарында 1,5 мыңнан астам адам еңбек етеді және 100-ге жуық тау-кен техникасы жұмыс істейді. Компанияның ақтық өнімі — Доре құймаларындағы алтын (2016 жылдың қорытындысы бойынша 3,5 тоннадан астам, 2017 ж. 4,2 тонна).

Қазіргі таңда компанияда автоматтандыруды дамытудың нақты деңгейіне қол жеткізілді: тау-кен өндіру индустриясында мойындалған Surpac және MineSched сияқты бағдарламалық өнімдерді пайдаланумен орта және ұзақмерзімді жоспарлаудың негізгі жүйелері енгізілді.

Бұдан өзге, жерасты және жерүсті жайғастыру жүйесі енгізілді — бейне бақылау құрылғылары, GPS-monitoring жүйесі, ол отын шығынын және техника мен қызметкерлердің бағдарын қадағалайды, сондай-ақ шынайы уақыт режимінде геология бойынша өндірістік процестерге мониторинг жүргізуге арналған планшеттер. Алтын өндіретін фабрикаларда қайта өңдеу процестері Scada жүйелерімен басқарылады.

Өндірісті, қаржыны, логистиканы және сатып алуларды жоғары деңгейлі басқаруды Microsoft Dynamics Axapta базасында іске асырылған ERP жүйесі қамтамасыз етеді. Ресурстарды басқару жүйесінен тәуліктік статистикалық есептерді талдау негізінде жұмыс пен жөндеуді дұрыс ұйымдастыру тиегіш техника мен шахта жабдығын пайдалану коэффициентін 55%-дан 76%-ға дейін арттырды. ЖЖМ тұтынуды бақылау бойынша бастамаларды іске асыру ЖЖМ шығындарын жылына 21% үнемдеуге мүмкіндік берді.

Таяу үш-төрт жылда «Алтыналмас» ықпалдастырылған ақпараттық орта құруға ниетті, онда шынайы уақыт режимінде компанияның басты бизнес процестерін қадағалауға және негізделген шешімдер қабылдауға болады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 16 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту