Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының 09.02.2018 ж. Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында инвестициялық тартымдылық және экспорттық әлеуетті дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Отырыс барысында инвестицияларды тартудың жаңа тәсілдері және 11 басымдықты елдердің инвесторларымен нақты жұмыс жүргізу және 26 елдің трансұлттық компанияларының қатысуымен іске асырылатын жобалар талқыланды. Экспорттық саясат саласында отандық экспорттаушыларға қолдау көрсету және олардың әлемнің басты экспорттық нарықтарына шығуы үшін «бірыңғай терезе» құруды да қарастыратын биылғы жылға арналған жұмыс жоспары қаралды.

Kazakh Іnvest пен Kazakh Export басшыларының осы жылға арналған жоспарлар мен қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараты тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша компанияларға жұмысты жандандыру және Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Анықтама: «Kazakh Іnvest» ҰК мониторинг жүйесінде 35 мың жұмыс орнын ашумен, сомасы $47,8 млрд болатын 145 инвестициялық жоба бар. Олардың ішінде жалпы сомасы $10,7 млрд құрайтын 66 жоба іске асырылуда. 2017 жылдың қорытындысы бойынша $188,9 млн сомасына 9 жоба жүзеге асырылды.

Экспорттық саясат саласында басты экспорттық нарықтар қатарынан 12 елде өкілдіктер ашу жоспарланып отыр. 2017 жылдың қорытындысы бойынша қолдау көрсетілген экспорттық келісімшарттар сомасы 196 137 млн теңгені құрады, қолдау көрсетілген отандық өндірушілер саны – 42, ал шетелдік сатып алушылар саны – 108. Отандық қаржы институттарымен бірлесе отырып 42,6 млрд теңгеге жобалар іске асырылды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 16 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту