ҚР Үкіметінің бүгінгі отырысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2018 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық деңгейі қаралды. Үкіметтің баспасөз орталығында аталған тақырып бойынша ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің, ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевтің, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің төрағасы Владимир Беккердің қатысуымен брифинг өтті.

Спикерлер БАҚ өкілдерінің алдағы су тасқыны кезеңін болжау туралы сұрақтарына жауап беріп, ықтимал қауіптердің алдын-алу бойынша ұсыныстар айтты.

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің айтуынша, республикалық бюджеттен табиғи сипаттағы ТЖ жоюға жыл сайын 7 млрд теңге бөлінеді. Бұдан өзге, жергілікті бюджеттер белгілі бір көлемде қаражат салады. Биыл аталған мақсаттарға 24 млрд-тан астам теңге қаржы қарастырылған.

2017 жылы дала аймағындағы қардың қарқынды еруі нәтижесінде 54 елді мекенді су басты. Қазіргі кезде далалы аймақта ықтимал қауіпті елді мекендер саны шамамен — 160, ал өзен алқаптары мен арналарында — екі мыңнан астам.

Брифингке қатысушылар халықты мұндай ықтимал қауіпті жерлерден қауіпсіз жерлерге көшіру керек деп санайды.

«Атбасарда су тасқыны аймағындағы үйлердің бір бөлігі құлатылып, адамдар көшірілді, жұмыстар жалғасып жатыр. Сондай-ақ, Ақтөбе облысында қауіпті аймақтардан адамдарды көшіру жұмыстары басталды», — деп атап өтті Юрий Ильин.

АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев Үкімет отырысында айтылған ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасын қолдады.

«Бүгін Премьер-Министр адамдарды су тасу қаупі бар аймақтардан көшіруді бастау және бірден осы мәселені шешу туралы өте дұрыс ұсыныс жасады. Олай болмаған жағдайда, біз жыл сайын үлкен қаражаттар жұмсап, бөгеттер салатын боламыз» — деді И. Әбішев.

Ұсыныстарға қатысты, Юрий Ильин тұрғындарды алдымен аула аумағындағы қарды уақытында тазартуға шақырды. Жергілікті атқарушы органдар көшелерді қардан тазалауы керек.

И. Әбішев қарды ұстап қалуды тоқтатқан ауыл шаруашылық ұйымдарына наразылық білдірді. Оның айтуынша, бізде 20 млн-нан астам гектар егістік жер бар. Қар тоқтату — егіс алқаптарының өнімділігін едәуір арттырады. Ал егістік орнында қалған қар — су тасқыны кезінде судың аз болуының кепілдігі.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 20 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту