Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Халықаралық қаржы ұйымдарымен (ХҚҰ) және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі шаралар жоспарының жобасы қаралды, ол Ұйымның инновацияларды, шағын және орта бизнесті дамыту, инвестициялық саясатты жетілдіру және өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағыттары бойынша ұсынымдарын жүзеге асыруды қарастырады. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ХҚҰ-мен бірлескен жобаларды іске асыру барысы талқыланды.

Анықтама: 2015 жылдан бастап Қазақстан мен ЭЫДҰ ынтымақтастықтың қол қойылған Елдік бағдарламасы аясында белсенді өзара іс-қимыл сатысына қосылды. Елдік бағдарлама Қазақстанның ЭЫДҰ-ның 29 негізгі құқықтық құралдарына қосылуын қарастырады. Бүгінгі таңда Қазақстан 17 құқықтық құралға қосылды, биыл қалған 12-не қосылу жоспарланып отыр.

Жүргізілген Шолулар аясындағы ЭЫДҰ ұсынымдары ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыру жөніндегі ұлттық Жол картасына (07.09.2017) енгізілген.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 12 наурыз 2018

Мұрағат

Наурыз
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту