21 наурыз күні Гонконгта Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының Сянган Арнаулы әкімшілік ауданы (Гонконг) арасында мәдениет саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстанның Гонконгтегі бас консулдығының қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев пен Сянган Арнаулы әкімшілік ауданының Ішкі мәселелер жөніндегі бюросының жауапты хатшысы Бэтти Фунг қол қойған құжат Қазақстан мен Гонконгтың мәдениет, өнер, тарихи мұраны сақтау саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға негіз болып қаланды.

Қазақстан делегациясының Сянган ішкі мәселелер жөніндегі бюросының, Мәдениет және демалыс департаментінің, қаладағы алдыңғы қатарлы музейлер және тарихи нысандар басшылығымен кездесулері барысында түрлі мәдени шараларды бірлесе өткізу туралы нақты келісімдерге қол жеткізілді.

Гонконг тарапына Қазақстандағы рухани жаңғыру процесі және оның басты бағыттары, Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасы, қазақ тілін латын графикасына көшіру үдерстері жайлы айтылды.

Қ. Уәлиев Гонконг политехника университетінде Гонконгта оқып жүрген қазақстандық студенттермен, сондағы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамымен танысты. 

Еске сала кетейік, 2017 жылғы қарашада Гонконг тұрғындарына алғаш рет Қазақстан музейлерінің археологиялық жәдігерлері көрсетілген болатын.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 26 наурыз 2018

Мұрағат

Наурыз
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту