Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет үйінде 2018 жылғы 5 наурыздағы «Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын» орындау аясында Жол картасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру үшін «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағытындағы «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы және халықаралық қаржы институттарынан жобаға қаражат тарту мүмкіндігі талқыланды.

Жобаны іске асыру 2,7 млн адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнестің жаңа өндірістерін ашуға, қосымша жұмыс орындарын құруға, аймақтардағы қажетті инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ экологияны жақсартуға (атмосфераға зиянды шығарындыларды азайтады) жол ашады.

Анықтама: І кезеңде ұзындығы 1081 шақырым болатын «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағыты бойынша газ құбырының құрылысын жүргізу көзделген. Құрылысқа кірісу және газ құбырының алғашқы жігін дәнекерлеудің салтанатты рәсімі осы жылдың шілде айының басына жоспарланған. Магистральді газ құбырын толтыру және тұтынушыларға газ жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды, Ақмола облыстары және Астана қаласы әкімдіктері газ тарату желілерін жобалап, салады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 26 наурыз 2018

Мұрағат

Наурыз
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту