Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында күн тәртібінен тыс Шығыс Қазақстан облысында орын алған су тасқыны мәселесі қаралды.

Қабылданған шаралар туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов баяндама жасады. Ауа райы қолайсыздығының салдарынан Шығыс Қазақстан облысында 230 тұрғын үй су астында қалды.

Облыс әкімдігінің ақпаратына сәйкес, су басқан үйлерден 1526 адам қауіпсіз жерге көшірілді. «Қызыл жарты ай» қордың қызметкерлері 14 млн теңге сомасында 471 адамға материалдық көмек көрсетті.

7–25 наурыз аралығында облыста автокөлік жолдарының және су өткізу құбырларының 2 су шайып кетуі мен 17 арнадан асуы орын алды. Қазіргі уақытта 2 су шайып кету мен 14 арнадан асу мәселелері жойылды, 3 ықтимал арнадан асу бақылауға алынды.

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ж. Сүлейменов пен энергетика министрі Қ. Бозымбаев су тасқынына қарсы шаралар мен гидрометеорологиялық болжамдар туралы баяндады.

Аталған мәселені қарауды қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірлердің, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне су тасқыны жағдайын ерекше бақылауға алуды және зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Үйлестіру жұмыстары Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А. Маминге жүктелді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 27 наурыз 2018

Мұрағат

Наурыз
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту