ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (ЮНВТО) Бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстанның туристік индустриясын ЮНВТО-мен ынтымақтастықта одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағыттары, туристік гидтерді дайындау, Жібек жолы бойынша ЮНВТО бағдарламасы аясында көмек көрсету, маркетинг және коммуникациялар саласындағы өзара мүдделілік бойынша ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Анықтама: ЮНВТО — тұрақты және жалпыға қолжетімді туризмді дамытумен айналысатын БҰҰ мекемесі, 1925 жылы Гаагада Ресми туристік қауымдастықтардың халықаралық конгресі (ICOTT) ретінде құрылған. Туризм саласындағы жетекші халықаралық ұйымның мүшелері — 158 мемлекет, 6 қауымдастық мүшесі және жетекші туристік компаниялардың 500-ден астам үлестес мүшесі.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұйым Ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағы (МСОТО) деп қайта аталды. 1974 жылы МСОТО Дүниежүзілік туристік ұйым ретінде қайта құрылды. 2003 жылы ЮНВТО БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі мәртебесін алды және кейіннен UNWTO (ЮНВТО) атала бастады.

Қазақстан ұйым қатарына 1993 жылы қосылды. ЮНВТО-ға мүшелік еткен 25 жыл ішінде туризм саласында бірқатар ірі халықаралық іс-шаралар мен бірлескен жобалар өткізілді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 26 наурыз 2018

Мұрағат

Наурыз
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту