Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Паскуале Д’Авиномен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық даму, энергетика, азаматтық авиация, туризм, көлік және логистика салаларындағы Қазақстан мен Италия арасындағы серіктестікті кеңейту және екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, тау-кен және металлургия өнеркәсібі салаларында жаңа инвестициялық жобалардың перспективалы бағыттары қаралды.

Бақытжан Сағынтаев Паскуале Д’Авино мырзаны Төтенше және Өкілетті Елші қызметімен құттықтап, жоғары және жауапты лауазымда табыстар мен жетістіктер тіледі.

Анықтама: Италия — Қазақстанның сауда серіктестерінің алғашқы үштігіне кіреді (ҚР жалпы тауар айналымындағы үлесі Ресей мен Қытайдан кейін 15,9% құрайды), сыртқы сауда көлемі бойынша ЕО елдерінің арасында бірінші орын алады, сондай-ақ Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Италия өкілдерінің қатысуымен 228 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, тау-кен және металлургия өнеркәсібі сияқты салаларда инвестициялық жобалар сәтті іске асырылып жатыр.

2017 жылы тауар айналымы $9,615 млрд (экспорт — $8,669 млрд, импорт — $946 млн) құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 16%-ке жоғары көрсеткіш. Осы жылдың қаңтар–ақпан айларында тауар айналымы $1,824 млрд құрады (экспорт — $1,699 млрд, импорт — 125 млн), бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 25% артық. 2005–2017 жылдары ҚР экономикасына салынған тікелей италиялық инвестициялар көлемі $5,76 млрд құрады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 20 сәуір 2018

Мұрағат

Сәуір
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту