16 мамырда ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Астана экономикалық форумы қарсаңында ҚР СІМ-де өткен «Бәсекеге қабілетті Қазақстан» атты екінші қазақстандық-америкалық бизнес-форумына қатысып, сөз сөйледі.

Асқар Мамин ҚР Президентінің 2018 жылғы қаңтарда АҚШ-қа барған ресми сапары аясында екі мемлекеттің стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін қол жеткізілген уағдаластықтардың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев жасаған сапардың қорытындысы бойынша құны $7 млрд асатын коммерциялық келісімшарттар жасалды. Келісімдер экономиканың түрлі секторларында бірлескен инвестициялық жобаларды дамытуды көздейді», — деді ҚР Бірінші Вице-Премьері.

Ол Қазақстанда бизнес ахуалды жақсарту, инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті.

«Аймаққа бағытталған тікелей инвестициялардың 80%-і Қазақстанға тартылды. АҚШ ҚР-ның ірі инвесторы саналады», — деп А. Мамин америкалық ірі компаниялар мұнай-газ саласында, тау-кен өнеркәсібінде және экономиканың басқа да салаларында табысты жұмыс жасап жатқанын айтты. Экономиканың әртүрлі секторларымен айналысатын 500 қазақстандық-америкалық компанияның қатысуымен бірлескен кәсіпорындар белсенді дамып келеді.

А. Мамин іскерлік ортаны одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметте қабылданған шаралар туралы хабардар етті және экономиканы жаңғырту, әртараптандыру, цифрландыру саласындағы міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы айтып берді.

«Астанада Экспо-2017 көрмесін ұйымдастыру халықаралық бизнес-қауымдастықпен қарым-қатынасты белсенді дамытуға мүмкіндік берді. "Экспо"-ның бірегей инфрақұрылымында орналасқан "Астана" халықаралық қаржы орталығы өз қызметінде инвесторлардың мүдделерін қорғау бойынша Нью-Йорк, Сингапур, Лондон және Дубай қаржы орталықтарының үздік әлемдік тәжірибесін қолданады», — деді ҚР Бірінші Вице-Премьері.

Форум жұмысына Қазақстанның мемлекеттік органдарының, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшылары, сондай-ақ, АҚШ-тың 50-ден астам компаниясынан іскерлік орта өкілдері, оның ішінде Американың жеке шетел инвестициялары корпорациясының (ОРІС), Дүниежүзілік банк және Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілдері қатысты.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 16 мамыр 2018

Мұрағат

Мамыр
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту