«Қорғас» өзеніндегі «Шүкірбұлақ» бөгетінің құрылысын Қазақстан мен Қытай бірлесіп қаржыландырады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында бөгет құрылысына арналған заң жобасын таныстыру кезінде ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

«Өткен жылдың маусым айында біздің Үкімет пен Қытай Үкіметі арасында «Қорғас» өзенінде «Шүкірбұлақ» бөгетін бірлесіп салуға арналған келісімге қол қойылды. Аталған бөгет «Қорғас» халықаралық орталығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Себебі орталық өте жоғары сел мен тасқын қаупі бар аумақта орналасқан», - деді Қ. Қасымов.

Оның сөзіне қарағанда, құрылысқа екі жақ тең қаржы бөлетін болады. Құрылыстың жалпы сметалық құны 11,7 млрд теңге.

«Бұған керекті қаражат 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетте қаралған», - деп нақтылады министр.

Талқылаудан кейін палата депутаттары «ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Шүкірбұлақ (Алмалы)» бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 30 мамыр 2018

Мұрағат

Мамыр
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту