ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында  «1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы  Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.

«Хаттама келісімге және бұл орган туралы ережеге түзетулер енгізуді қарастырады. Ол ТМД Сотының аз жүктемесіне байланысты оны реформалауға бағытталған. Хаттаманың түбегейлі жаңашылдығы - ТМД Сотын «ad hoc» қағидасы бойынша жаңа жұмыс форматына ауыстыру. Хаттама бойынша қатысушы мемлекеттер судьяларды өздері анықтайды және олардың деректерін ТМД Сотының бірыңғай тізіліміне қосу үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы  Сотына жолдайды. Нақты істерді қарау үшін арнайы үш судьядан тұратын палата құрылады», - деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған Әділет министрі Марат Бекетаев.

Оның сөзіне қарағанда, судьялар Минскіге ауызша тыңдаулар кезеңіне ғана келеді. Бұл аталған органның шығыстарын өтеу үшін республикалық бюджет шығындарын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

«2015 жылы Қазақстан 51 млн теңге төлесе, осы жылы жаңа форматқа байланысты 8,5 млн теңге жоспарланып отыр.  Жалпы алғанда, хаттаманы ратификациялау ТМД құқықтық базасын одан ары қарай жетілдіруге бағытталған», - деп атап өтті министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, судьяларды белгіленген квота аясында қатысушы мемлекеттер жекелей тағайындайды және әрбір тараптан екі судьядан іріктеледі. Қазақстандық кандидатураларды Мемлекет басшысының келісімі бойынша Жоғарғы Сот анықтайды және 2017 жылы  қаңтарда Қазақстан Республикасы екі кандидатура жолдады. Жаңа «ad hoc» форматы ТМД сотының судьяларына тұрақты түрде жалақы төлемеуге мүмкіндік береді. Сол себептен ТМД сотының бюджеті азаяды, оның ішінде Қазақстанның да үлесі төмендейді.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 31 мамыр 2018

Мұрағат

Мамыр
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту