ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылғы Жалпы ішкі өнімнің өсімі бойынша өзінің болжамымен бөлісті.

"2017 жылы ЖІӨ өсімінің 4 пайызы қамтамасыз етілген. Біздің жоспарлар мен болжамдар бойынша осы жылы өсім тағы 4 пайызды құрайды. Мақсатты дәлізде инфляцияның деңгейі 6,2 пайыз болады деп күтілуде. Жұмыссыздық деңгейі төмен қалыпта - 4,9 пайыздық деңгейде қалады. Экономика құрылымындағы сапалы өзгерістерге келетін болсақ, келесі жайды атап өтуге болады: 2010 және 2017 жыл аралығында әлемдік технологиялық тәртіптің ауысымына байланысты біздің ЖІӨ құрылымында қызметтердің салыстырмалы салмағы 52-ден 58 пайызға артты", - деді Тимур Сүлейменов Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысында.

Министрдің айтуынша, ЖІӨ құрылымында тау-кен өнеркәсібінің көлемі төмендеп келе жатқаны қуантады.

"Бағалық факторлар бойынша жағдай жайлы, тау-кен өнеркәсібінің үлесі ЖІӨ-де 19-дан 13 пайызға төмендеді. Біздің елдің сыртқы факторлар мен шикізаттық сектордан тәуелділігі төмендеп келе жатқанын осыдан-ақ көруге болады. Сонымен бірге, біздің диверсификацияның негізгі драйверлері - өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы - шамамен 11 және 5 пайыздық мөлшермен осыдан жеті жыл бұрынғы көрсеткіште қалып отыр", - деді Тимур Сүлейменов.

Министр өз сөзінде жаңа экономикалық модельге көшуге мүмкіндік беретін бес қағидатты атады. Оның есептеуінше, жаңа экономикалық модель өнімділікке күнделікті маңыз беру және сапа, адамдардың, кәсіпорындар мен салалардың технологияларға бет бұруы, бәсекеге қабілеттілік және аймақтық дамуды талап етеді.

ҚазАқпарат 

Жарияланды: 06 маусым 2018

Мұрағат

Маусым
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту