ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Сәтбекұлы Еңсебаев қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Руслан Еңсебаев 1981 жылы Ақмола облысының Степняк ауылында дүниеге келген.

2005 жылы Басқару институтын, 2013 жылы — Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2016 жылы — Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» РМК жетекші маманы ретінде бастаған.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ да басшылық қызметтер атқарған.

2017 жылдың маусым айынан бастап «Зерде» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасы лауазымында қызмет еткен.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 06 маусым 2018

Мұрағат

Маусым
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту