Блокчейн технологияларын Қазақстанда тағы қай салаларда қолдануға болатынын зерделеу қажет. Бұл туралы Астанада «Блокчейнді реттеу: оның келешегі мен тәуекелі» атты баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

«Қазақстан жаңа технологияларға орын берілмейтін айдаладағы арал болып қалмасы анық. Мен Қазақстан жаңа технологияларды, блокчейн технологияларын енгізіп жатқанын ресми түрде мәлімдеймін. Қазіргі таңда бізде бұл бағытта нақты іске асқан жобалар бар. Мәселен, халық үшін тез арада ақпараттық жүйелер мен блокчейн арқылы өз қаражатымен инвестиция салуға мүмкіндік беретін Ұлттық банкте блокчейн технологиясы енгізілді. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігінде электронды бидай қолхатын беру бойынша қызметте де қолданылады. Яғни, шынтуайтына келгенде блокчейн технологиядары құнды қағаздардың прототипі секілді пайдаланылып отыр. Міне, осылайша блокчейн аталған процестегі ашықтыққа қол жеткізуге жол ашуда», - дейді Асқар Жұмағалиев.

Вице-премьердің айтуынша, блокчейн технологияларын ендігі кезекте Қаржы министрлігіне енгізу көзделген.

«ҚҚС-ны (НДС) қайтару деген мәселе барын білесіздер. Бұл процес өте ұзақ әрі көптеген сыни пікірлерді туындатып жатады. Ал блокчейн технологиясы компанияларға ҚҚС-ны қайтаруға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, бүгінгі күнгі мәселелер өздігінен шешіліп, сонымен бірге мемлекет те өзінің үлесіне ие болады», - дейді ол.

Асқар Жұмағалиев блокчейнге ұлттық компаниялар ден қойғанын алға тартты.

«Қазпошта, Қазақтелеком, Азаматтарға арналған Үкімет - бүгінгі күні көптеген жобалардың бірқатарын блокчейн арқылы ұйымдастырады. Әлбетте, блокчейнді қолданудың аясы кең. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі нарықты, мемлекеттік зерттей отырып, тағы қай салаға қолдануға болатынын анықтауы керек», - деді вице-премьер.

«Біз белгілі бір заңнамалық өзгерістер, ойын шарты керектігін түсінеміз. Себебі, технологияларды іске асыру кезінде құқық тұрғысынан өзге қарым-қатынастар еніп жатыр. Осы ретте тағы да ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қысқа уақыттың ішінде заңнамалық өзгерістерді әзірлеп, Үкіметке тапсыруы керек. Осыдан кейін біз депутатық корпусқа оны ұсынып, бірлесе тиісті өзгерістерді енгіземіз. Өйткені, ол өзгерістердің қажеттілігі нарықта айқын сезіледі», - деді ол.

Айта кетсек, «Блокчейнді реттеу: оның келешегі мен тәуекелі» баспасөз мәслихаты Қазақстан Республикасындағы Ұлттық блокчейн мен криптотехнологияларды дамыту қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 07 маусым 2018

Мұрағат

Маусым
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту