Қазақстанда алғаш рет баламалы энергия көздері бойынша xалықаралық аукциондар өтті.

ҚР Энергетика вице-министрі Маxамбет Досмұxамбетовтың айтуынша, бірінші аукциондарға отандық компаниялар ғана емес, шетелдік инвесторлар да қатысты. "Күні кеше ғана баламалы энергия көздері бойынша көктемгі аукциондар аяқталды. 10 аукционның 8-і сәтті өтті. Сауда-саттыққа отандық компаниялар ғана емес, шетелдік инвесторлар да қатысты. Барлығы - 42 компания. Олардың ішінде Қазақстан, Ресей, Франция, Болгария, Түркия мен Қытайдың өкілдері бар. Біз алғаш рет xалықаралық сауда-саттықты электронды форматта өткіздік. Қытысушылар 960 МВт энергияны өндіруге дайын екенін жеткізді. Аталған көрсеткіш алғашқы жоспардан төрт есеге артық болып тұр", - деді М.Дсомұxамбетов бүгін баламалы энергия көздерін дамытуға арналған саммитте.

Оның айтуынша, инвесторлар тарапынан Қазақстанда баламалы энергия нысандарын салуға деген қызығушылық жоғары болғаннан кейін аталған қуат көздерінің тарифтері төмендеді. "Мәселен, жел электр стансыларының тарифтері 20 процентке, шағын су электр стансыларының тарифтері 23 процентке, ал күн электр стансыларының тарифтері 25 процентке түсті. Қазірдің өзінде 19 компания баламалы энергия көздерін сатып алушы бірыңғай компаниямен келісімшартқа отырып, 194 МВт энергияны өндіруге дайын. Бүгінде күзгі аукциондарға дайындық жұмыстары басталып кетті. Аталған аукциондар қазан айында ұйымдастырылады", - деп атап көрсетті М.Досмұxамбетов.

Айта кетейік, бұған дейін "Kорэм" АҚ төрағасының орынбасары Ержан Мәдиев аукционның қалай және не үшін өткізілетінін түсіндірген болатын. Оның айтуынша, алдымен министрлік сайтында арнайы кесте жарияланады. Онда сатып алынатын энергияның көлемі, күн, жел мен су электр стансылары салынатын аймақтар, сондай-ақ шекті тарифтер көрсетіледі. Осы кәсіпке қызығушылық білдірген инвесторлар қажетті құжаттарды жинап, аукционға қатысуға өтінім бере алады. Дәл сол аукционда баламалы энергияны ең арзан тарифпен сатамын деген қатысушы жеңімпаз атанады. Сөйтіп, күн, жел, я болмаса, су электр стансасын салып, сол жерде өндірген энергияны мемлекетке сата алады. "Аукцион жабық үлгіде өтеді. Өтініш бергендер бір-бірін көре алмайды. Біз олардың ішінен ең арзан тариф белгілеген компанияны таңдап, оның ұсынған жобасын сатып аламыз. Шетелдік инвесторлар тарапынан қызығушылық бар. Алдағы уақытта аукциондар жылына екі рет өткізіледі. Көктемде шағын жобаларға аукциондар ұйымдастырылса, күзде ірі жобаларға аукциондар өткізіледі деген жоспар бар. Ірі жобаларға шетелдік инвесторлар келуі тиіс", - деді Е.Мәдиев.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 08 маусым 2018

Мұрағат

Маусым
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту