ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Ақтауда «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып, онда кәсіпкерлік туралы жаңа заң аясында қызмет көрсетуге дайындық барысымен танысты.

Аралау барысында Премьер-Министрге тіркеу бөлімі, операциялық зал, жаңадан бастаушы кәсіпкерлерді оқытуға арналған конференц-залдар көрсетіліп, «Атамекен» шағын қаржы ұйымы мен «Бастау-Бизнес» мектебінің қызметі таныстырылды. КҚКО-да барлығы 72 адам жұмыс істейді.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Н. Қарасаев Орталықтың қызметі және жергілікті бизнесмендерді қолдау шаралары туралы айтып берді. Облыста «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанында 2 КҚКО жұмыс істейді: Ақтау және Жаңаөзен қалаларында, сонымен қатар облыстың барлық аудандарында КҚКО қызметкерлері бар. 2017 жылы барлығы 22 мыңға жуық қызмет көрсетілген, осы жылдың 5 айында — 9 мыңнан астам қызмет ұсынылған.

КҚКО келесі бағыттар бойынша «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер көрсететінін атап өткен жөн: сервистік және консалтингтік қызметтер, кәсіпкерлік негіздері мен «Жаңа серпін» жұмыс кәсіптеріне оқыту, инвестициялық жобаларды, ХҚКО қызметтерін, салық төлеуші терминалын сүйемелдеу. Сонымен қатар мұнда коммуналдық қызметтерге қосылуға өтінімдер цифрлық форматта қабылданады.

Н. Қарасаев сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы КҚКО аумағында «Бастау – Бизнес» жобасы бойынша оқыту жүргізілетінін баяндады. 2017 жылы жобаға өз ісін жаңа бастаған 930 бизнесмен қатысқан. 2018 жылғы бес айдың ішінде кәсіпкерлік негіздеріне ниет білдірген 292 адам оқытылды.

Анықтама: 2018 жылдың қаңтар–сәуір айларының ішінде шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы белсенді субъектілер саны 48,6 мың бірлікті немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне шаққанда 106,7% құрады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 08 маусым 2018

Мұрағат

Маусым
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту