Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды формализациялау бойынша атқарылып жатқан жұмыстың маңыздылығы жөнінде айтып берді.

ҚР ЕХӘҚМ деректеріне сәйкес, формалды емес қызмет өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға ғана тән емес, сондай-ақ жұмыспен қамтылған халықтың басқа да топтарына қатысты. Бірінші кезекте – еңбек шарттары ресми тіркелмеген немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттары жоқ жалдамалы жұмысшыларға қатысты.

М. Әбілқасымованың айтуынша, Халықты формализациялау жөніндегі жол картасының басты міндеттерінің бірі — халықтың мемлекеттік деректер базасындағы статусын өзектілендіру. Сонымен қатар, Жол картасының маңызды бағыты — формалды емес жұмыспен қамтылған халық. Олар бойынша статустарын анықтаумен қатар тағы бір басты мақсат — жұмыспен қамту шараларына тарту немесе олардың ресми қызметін тіркеу.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, министр бүгінде жұмысты бейресми атқарған кезде, яғни еңбек шарты болмаған жағдайда немесе қызмет мүлдем тіркелмесе, ең алдымен азаматтардың әлеуметтік әрі еңбек құқықтары бұзылатынын түсіндіріп өтті.

«Еңбек кодексі, кәсіпкерлік кодексі, салық заңнамасы бойынша қызмет атқару кезінде, егер сіз жалдамалы жұмысшы ретінде еңбек етсеңіз, еңбек шартын жасасу қажет. Еңбек шарты қорғайды. Еңбек кодексіне сәйкес, азаматтың барлық еңбек құқықтары қорғалады. Бұл еңбекақы белгілеу, демалыс беру, қосымша кепілдіктер беру мәселелерін де қамтиды», — деді М. Әбілқасымова.

Сонымен қатар, жұмыскерге салымдар: зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне, сондай-ақ жазатайым оқиғаларды сақтандыру жүйесіне енгізіледі. Егер еңбек шарты болмаса, онда жұмыскердің еңбек, әлеуметтік құқықтары да қорғалмайды. Ол кез-келген уақытта жұмыстан босатылуы мүмкін және оған жұмыс берушінің тарапынан да, қызметкердің табысынан да ешқандай аударымдар жасалмайды.

Осылайша, еңбек келісімшартынсыз жұмыс жасау келесі жағдайларға әкеледі:

қажетті еңбек жағдайлары, жұмыс орны, жұмыс құралдары мен материалдардың болмауы;

ең төменгі жалақыдан төмен болмауы тиісті еңбекақыны уақытында алмау;

тиісті жағдайларда жұмыскердің еңбек заңнамасында белгіленген кепілдіктер мен өтемақыларға құқығы болмауы (штаттың қысқаруы кезінде, пайдаланылмаған еңбек демалысы және т.б.);

өздерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін еңбек шарты жөніндегі комиссияға, мемлекеттік еңбек инспекциясына және сотқа жүгіне алмау;

еңбек өтілі есептелмейді;

әлеуметтік сын-тегеурін кезінде (еңбекке қабілеттігін жоғалтқанда, асыраушысынан айырылғанда, жұмысынан айырылғанда, жүктілік пен босану кезінде, бала асырап алу кезінде, 1 жылға дейін бала күтіміне байланысты) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдерді ала алмайды;

міндетті медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық қызмет түрлерін ала алмайды;

міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыса алмайды және еңбек өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемдерін алмайды.

Жылдың басында 2,7 млн адамның мемлекеттік деректер базасында статусы болмады. Үкімет қабылдаған шаралар аясында 1 385 мың адамның статусы анықталды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 28 тамыз 2018

Мұрағат

Тамыз
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту