Қазақстан Ядролық қаруды сынауға тыйым салу шартын ратификациялайды. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Өткенді еске алып, болашаққа көз тік» атты халықаралық конференцияда ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты.

«Жаһандық қауіпсіздік және келер ұрпақ үшін сенімді болашаққа әлем толықтай ядролық қарудан азат болғанда да кепілдік болады. Қазақстан мемлекеттің ұлттық қауіпсіздікті ынтымақтастық жолымен ғана қолдауға болатындығына сенімді және халықаралық қоғамдастыққа ядролық қарудан азат әлемді көруге көмектесті. Бұл жетістік саналады. Сіздерді қазақстандық тәжірибеге назар аудартып, сәйкесінше Үкімет пен Парламентке Ядролық қаруды сынауға тыйым салу шартына қол қойып, ратификациялауға итермелеуге шақырамын», - деді министр.

Осы ретте ол Қазақстан ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу үшін барлық деңгейде белсенді жұмыс жасауға ниетті екендігін баса айтты.

«Біз барлық деңгейде, оның ішінде азаматтық қоғаммен де ортақ мақсатымызға қол жеткізу үшін барлық деңгейде белсенді жұмыс істеуге ниеттіміз. Бұл жұмыстар 2012 жылы Қазақстан іске қосқан АТОМ халықаралық жобасымен өзара іс-қимылды қамтиды. Оның миссиясы ядролық қару сынақтарына толықтай тыйым салуға жаһандық қолдауды нығайтуға бағытталған. Біз ядролық сынақтарды түбегейлі шектеуге шақырамыз», - деді Қайрат Әбдірахманов.

Сонымен қатар министр әлем елдерін Ядролық қаруды сынауға тыйым салу шартын қолдауға шақырды.

«Тағы бір қадам ретінде біз мемлекеттерді Ядролық қаруды сынауға тыйым салу шартын қолдауға шақырамыз. Қазақстан Ядролық қаруды сынауға тыйым салу шартына 2018 жылдың 2 наурызында қол қойды және қазіргі уақытта оны ратификациялауға дайындалуда», - деді Қайрат Әбдірахманов.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 29 тамыз 2018

Мұрағат

Тамыз
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту