Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев өңірде Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Атап айтқанда, «Радуга» ЖШС жеке индустриялық аймағының аумағындағы азық-түлік өнімдері өндірісінің технологиялық процесі тексерілді.

Аралау барысында Бақытжан Сағынтаевқа Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы, сондай-ақ жеке индустриалды аймақтың қазіргі жағдайы мен даму келешегі туралы баяндалды. Облыста барлығы үш жыл ішінде индустрияландыру бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 16,1 млрд теңгені құрайтын 27 жоба іске асырылып, 749 жұмыс орны ашылды. Бұл өнеркәсіптік өндіріс көлемін 200 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға және негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің 2,7 есе өсуіне жол ашты.

Жеке индустриялық аймақ аумағында Бақытжан Сағынтаев ИИДМБ аясында жүзеге асырылған «Рим-ҚазАгро» ЖШС-ның жылдам дайындалатын азық-түлік өнімдері өндірісін ұйымдастырудың технологиялық процесімен және өндірістік желілерімен танысты.

Кәсіпорын басшысы И. Демидова жылдам дайындалатын кеспе өндіру кешенінің қуаттылығы сағатына 2 тоннаны құрайтынын айтты. Бұдан өзге, кәсіпорын ботқа, сорпа, картоп пюресін шығарады. Өндірістегі негізгі құрамдаушы — отандық ұн. Шығарылған кеспелердің жартысынан көбі Ресейге экспортталады.

Сонымен қатар, Премьер-Министр металл-пластиктен жасалған бұйымдарды өндіру цехының жұмысымен танысты. Кәсіпорынның жоспарларында, сондай-ақ, 10 млрд теңгеге жуық сомаға тағы 14 жобаны іске асыру жұмыстары бар, ол 300-ге жуық жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және жаңа өндірістерді игеруге жол ашады. Бұл пластиктен жасалған бұйымдар, жуғыш заттар, санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз, дымқыл майлықтар және т.б.

Жалпы, республика бойынша 38 индустриялық аймақты ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның 7-і салынып жатыр, 9-ы іске асырылу сатысында (техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу, мемлекеттік сараптама жүргізу және т.б.), сондай-ақ, 22 ИА (оның ішінде 1 жеке меншік) толық немесе ішінара аяқталған инфрақұрылымымен жұмыс істеп тұр, оларда қолданыста жобалар бар. Индустриалды аймақтарда 112 жоба бар, оған қоса шамамен 219 жоба пысықтау сатысында, мұнда 17 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланған.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 03 қыркүйек 2018

Мұрағат

Қыркүйек
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту