Ағымдағы жылдың 6 айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 35 пайызға артты. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов айтты. 

«Екі ел арасында тауар айналымы соңғы жылдары жақсы қарқынмен дамып келе жатыр. Атап айтсақ, тек қана өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 2 млрд АҚШ долларын құрады. 2016 жылмен салыстырғанда 31,2 пайызға өсті. Ал биылғы жартыжылдықты алатын болсақ, 35 пайызға өсіп отыр», - деді вице-министр.

Қанат Баеділовтің дерегінше, импорт та, экспорт та арта түскен. Экспорттың негізгі бағыттары - қара металлдар, мұнай өнімдері және бидай. Ал импорттың құрамына көкөністер, жемістер және жаңғақтар кіреді. 

«Өзбекстаннан Қазақстанға салынған инвестициялар соңғы 10 жылда 31,3 млн АҚШ долларын құрады. Оның тек жартысы өткен жылы ғана салынған. Соңғы 10 жылда біз Өзбекстанға 114,4 млн АҚШ долларын құрайтын инвестиция құйдық», - деді ол. 

Айта кетерлігі, вице-министр бүгін ҚР Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің отырысында «1996 жылғы 12 маусымдағы табыс пен мүлікке қосарланған салықты болдырмау туралы Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі екі ел арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР заңының жобасын таныстырған болатын. Оның сөзіне қарағанда, заң жобасы арқылы аталған келісімге бірқатар өзгерту енгізілмек. Мәселен, кері қызметтер бойынша тұрақты мекемелер құру тәртібі өзгереді. Атап айтқанда, табиғи ресурстарды барлаумен байланысты қызмет, қоймалар, өзге де тауарларды сату орындарын ұйымдастыру қарастырылады. 

Сондай-ақ, жарналар жинау және тәуекелдерді сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымының қызметтерін жүзеге асыру үшін енді бірінші күннен бастап мекеме құрылады. Дивидендтер бойынша жеңілдікті ставканы қолдануға шектеулер көзделеді. Хаттаманы ратификациялау қосымша қаражатты талап етпейді. 

Отырыста комитет мүшелері заң жобасына келісім беріп, Сенаттың жалпы отырысына шығаруға уағдаласты. Жалпы отырыста бұл мәселе бойынша ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасайтын болады.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 05 қыркүйек 2018

Мұрағат

Қыркүйек
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту