Бүгін Астанада «Бір белдеу, бір жол» бастамасының бес жылдығына арналған Қазақстан–Қытай бизнес-форумы өтті. Шараға екі елдің бизнес қауымдарының 400-ге жуық өкілі қатысты, олар «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Форум барысында Қазақстан мен ҚХР арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың нақты бағыттары қаралып, бірқатар екіжақты бизнес-кездесулер өткізілді.

Форумды шара қатысушыларына бейне байланыс арқылы сөзін арнаған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

«Жүктер Қазақстан арқылы Еуропадан Қытайға шамамен 15 күнде жеткізіледі. Ал жүктерді теңіз арқылы жеткізу 4 аптадан 6 аптаға дейін уақытты алар еді. Осы орайда логистика мен ілеспе бағдарлар жетілдіріліп жатыр. Индустрия мен инвестициялар саласында бірлескен ынтымақтастық туралы бағдарлама бар. Оның аясында жалпы $27 млрд астам соманы құрайтын 51 Қазақстан–Қытай инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл – инвесторлардың сенімі мен Қазақстанның инвестициялық ахуалды жақсартуға баса мән беретінінің дәлелі. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біз бизнесті жүргізу бойынша өңірдегі үздік елдердің біріміз», — деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ДСҰ-ның мүшесі, ЭЫДҰ-ның Инвестициялар жөніндегі комитетінің қауымдастырылған мүшесі екенін және еліміз халықаралық инвестициялар декларациясына қосылғанын атап өтті.

«Қазақстан Президенті жанында Шетелдік инвесторлар кеңесі жұмыс істейді. Мұнда қытайлық CNPC компаниясының маңызы зор. Ол ҚР-ның мұнай-газ нарығын дамытудағы маңызды стратегиялық серіктесі. Қазақстан мемлекеттік кәсіпорындарды кеңінен жекелешелендіру науқанын жүргізіп жатыр. Тау-кен өнеркәсібі, металлургия, мұнай-газ, энергетика, көлік және байланыс, инфрақұрылым салаларында және басқа да секторлардағы компаниялардың ірі акциялары сатылымға шығарылды. Сонымен қатар, тікелей жекешелендіруден басқа, біз МЖӘ қағидасына негізделген ынтымақтастықты да жүзеге асырамыз», — деді Президент.

МЖӘ қағидасында тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, құрылыс, автокөлік және темір жолдар және басқа да салалардағы жобалар іске асырылуда.

Нұрсұлтан Назарбаев келешегі бар, өзара тиімді бизнес жүргізудің тағы бір бағыты ретінде «Экспо–2017» инфрақұрылымының базасында құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығын атады.

«АХҚО Нью-Йорк, Сингапур, Лондон мен Дубайдың қаржы орталықтарының озық тәжірибелерін жинақтаған. Халықаралық төрешілерден тұратын тәуелсіз сот – Халықаралық арбитраж орталығы ашықтық пен әділдікке, инвесторлардың құқықтарының толығымен қорғалуына кепілдік береді. Құрметті шараға қатысушылар, сауда айналымы мен инвестициялардың жүйелі түрде артуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың сәтті жүзеге асырылып жатқанының дәлелі. Бүгінгі форум оны одан әрі дамытуға ықпал етіп, мемлекеттеріміздің іскерлік орталарының серіктестігін нығайтудың жаңа перспективаларын айқындайтынына сенімдімін. Барлығыңызға жемісті жұмыс пен жаңа жетістіктер тілеймін», — деді Елбасы.

Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейне байланыс арқылы форум қатысушыларына сөзін арнап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы Қытайда туылғанымен, ұсынылып отырған мүмкіндіктер мен оның жемістері күллі әлемге тиесілі екенін атап өтті.

«Бес жыл бұрын Президент Н. Назарбаевтың сүйемелдеуімен Қазақстанға жасаған алғашқы сапарымда Назарбаев университетінде мен алғаш рет Жібек жолының экономикалық белдеуін құру бастамасын ұсындым. Бүгінде аталған бастама xалықаралық қауымдастықтың назарын кеңінен аударып, жағымды резонансқа ие болды», — деді Си Цзиньпин.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда Қытай мен Жібек жолы бойындағы елдер арасындағы тауар айналымы 5 трлн долларды құраған.

«Бір белдеу, бір жол» бойында Қытай компанияларының қатысуымен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың 80-нен астам аймағы, 200 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Жалпы, 100 мемлекет пен xалықаралық ұйым Қытаймен ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойған. "Бір белдеу, бір жолдың" қатысушы елдері арасында саяси үйлестіру жұмыстары үнемі жандандырылып тұрады. Ауқымды сауда-экономикалық жобалар қарқынды түрде іске асырылуда, инфрақұрылымдық желі қалыптастырылып жатыр», — деді ҚХР Төрағасы.

Бұдан өзге, форумның ашылуы барысында ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, ҚХР сауда вице-министрі Ж. Хунбинь, ҚР-дағы ҚХР Төтенше және өкілетті елшісі Ч. Сяо, сондай-ақ, екі мемлекеттің ұлттық компанияларының, сыртқы сауда палаталарының басшылары және ірі бизнес өкілдері сөз сөйледі.

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өз баяндамасында Қазақстан Жаңа Жібек жолының құрлықтағы бөлігіндегі географиялық орталық ретінде айтарлықтай пайда көруді жоспарлап отырғанын атап өтті, себебі бұл сауда мен өнеркәсіп үшін жаңа мүмкіндіктер тудырады, жергілікті кәсіпорындар экспорт пен импортқа жұмсайтын шығындарын төмендету есебінен пайда таба алады.

«Сарапшылардың бағалауынша, Жібек жолының қайта өркендеуі және инфрақұрылымға ірі қаражаттардың салынуы келесі онжылдықтарда Қазақстанның Орталық Азиядағы сауда орталығы ретінде жанданатынының белгісі. Бұған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2014 жылы бастамашы болған "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасының сәтті іске асырылуы ықпал етуде», — деді Ж. Қасымбек.

Министр, сондай-ақ, форум қатысушыларының назарын бірқатар ірі жобаларды іске асыру жұмыстарының нәтижелеріне аударды. Мәселен, 5 жылдың ішінде бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар іске қосылды. Олар: Ляньюньган порты; Қытаймен шекарадағы Қорғас құрғақ порты; Каспий теңізіндегі Ақтау порты; Орталық Азия елдерін Парсы шығанағымен және Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббас портымен байланыстыратын, жалпы ұзындығы шамамен 900 шақырымдық «Қазақстан – Түркіменстан – Иран» жаңа теміржол дәлізі; бір бөлігі Қазақстан аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі. Қабылданған шаралар Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға жүктерді 15 күнде жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте теңіз жолымен тасымал 2-2,5 жарым есе көп уақыт алады.

Өз кезегінде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары М. Бірімжан Қазақстан Үкіметінің атынан бірыңғай келіссөз жүргізуші ретінде Kazakh Invest Қытайдан жаңа инвесторларды нысаналау жұмыстарының аясында қытайлық инвесторлардың жаңа бастамаларын сүйемелдейтінін айтты. Бейжің қаласында ұлттық компанияның Қытайдағы бас өкілдігі жұмыс істейді.

«Жібек жолы қоры мен "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы арасында өндірістік қуаттылықтардың Қазақстан–Қытай қорын құру туралы шекті келісімге қол қойылды. Қор 2016 жылғы желтоқсанда Бейжіңде тіркелген. $2 млрд капиталы бар Қазақстан–Қытай қорын құру ҚР-да инвестициялық белсенділікті дамытуға оң ықпал етеді. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға осындай ауқымды қордың қатысуы біздің елдеріміз арасындағы экономикалық қатынастарды нығайтуға ықпал етеді», — деп М. Бірімжан, Kazakh Invest өз құзыреті шегінде Қазақстанда инвестициялық жобаларды сәтті іске асыруға қажетті көмек көрсетуге әзір екенін жеткізді.

Қытай тарапынан форумда CITIC Group бас директорының орынбасары, CITIC Securities басқарма төрағасы Чжан Юцзюнь сөз сөйледі. Оның айтуынша, «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының 5 жыл жұмысының ішінде екі елдің дамуы тереңдей түсіп, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа үлкен мүмкіндіктер ашылған.

«Екі елдің көшбасшыларының тікелей қамқорлығы мен күшті қолдауының арқасында бес жыл ішінде екі елдің түрлі салалардағы, әсіресе сауда–экономикалық даму саласындағы ынтымақтастығы елеулі жетістіктерге қол жеткізді. CITIC Group "Бір белдеу, бір жол" бастамасына белсенді түрде қатысып, қолдау көрсетеді және Қазақстанды инвестициялаудың маңызды қатысушы елі ретінде қарастырады. Қазақстанда тиісті салалармен ынтымақтастық орнатылды», — деді Чжан Юцзюнь.

Оның айтуынша, 2007 жылдан бастап, компания қазақстандық мұнай компанияларымен бірлесіп Қаражамбас кен орнын алған кезде, CITIC Group-тың Қазақстандағы инвестициялық қызметі оң қарқын көрсеткен.

«Біздің компания Қазына капиталмен бірлесіп, CITIC Kazyna инвестициялық қорын құрды. Бұл – екі ел құрған алғашқы қор. Оның $800 млн жалпы сомасы қазақстандық–қытайлық шикізаттық емес салаға бағытталған. 2013 жылы пайдалануға ресми түрде берілген Ақтау асфальт-бетон зауытын Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 10 үздік әрекет етуші кәсіпорны сертификатымен марапаттаған. 2016 жылы CITIC Group Қазақстандағы авто жолдарды қайта жаңарту жөніндегі екі ұлттық жобаның бас мердігерлік қызметін алды. Бұл Қытай, Қазақстан және басқа да елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың маңызды дәлізі болады», — деді Чжан Юцзюнь.

Сонымен қатар, ол ағымдағы жылдың маусым айында кәсіпкерлердің Қазақстан–Қытай қауымдастығының бесінші отырысында қытайлық және қазақстандық кәсіпкерлердің үш жоба: бидайды терең өңдеу, ірі қара малды өсіру, базалық майларды өндіру жобалары бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын атап өтті. CITIC Group пен Қазақстан арасындағы прагматикалық және кең ауқымды ынтымақтастық Қазақстан мен Қытайдың күшті жақтары, өзара сұранысы және бірін-бірі толықтыру қасиеттері бар екенін көрсетеді.

«CITIC Group өзінің Қазақстандағы инвестициялық даму мүмкіндіктерін өте оптимистік түрде бағалайды. Қазақстанда тиісті тараптар орнатқан жақсы қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа үлкен мән береді. Біз қалаған мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлескен жобаларды алға жылжыту үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Осыған сүйене отырып, біз өзіміздің артықшылықтарымызды толықтай қолданатын боламыз. Біз екі мемлекет басшыларының басшылығымен және екі мемлекеттің үкіметтерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың одан да зор табысқа жететініне сенімдіміз», — деп түйіндеді сөзін CITIC Group бас директорының орынбасары.

Өз кезегінде CNPC Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясы директорының орынбасары Цинь Вэйчжун Қытай мен Қазақстан арасындағы 20 жылдан астам уақытқа созылған ынтымақтастық ажырамас достық қарым-қатынасты орнатуға және мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға негіз қалағанын атап өтті.

«Қытай–Қазақстан мұнай-газ ынтымақтастығы екі ел басшыларының қол жеткізген маңызды бәтуаластығына сәйкес ауқымды перспективалар мен кеңістіктерге ие екеніне сенімдіміз. Біз Қытай мен Қазақстан арасындағы мұнай мен газ саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға, сондай-ақ екі елдің экономикаларын дамытуға ашық әрі өзара тиімді ықпал ететін қоғам құрамыз», — деді Цинь Вэйчжун.

Цинь Вэйчжуннің айтуынша, CNPC «Бір белдеу, бір жол» жобасының ізашары және практигі. Сонау 1997 жылы Ақтөбе мұнай-газ зауытының үлесті қатысушысы болды. 20 жылда Қытай мен Қазақстанның мемлекет басшыларының қолдауымен, екі елдің үкіметтерінің белсенді қолдауымен Қазақстан–Қытай ынтымақтастығы тереңдей түсіп, өзінің жемісті нәтижелерін беруін жалғастыруда.

«Екі елдің көшбасшылары ынтымақтастықтың көптеген жобаларын Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық моделі ретінде атап өтті. CNPC Қазақстанда озық технологиялар мен процестерді белсенді түрде енгізуде, мұнай кен орындарын игеру деңгейін едәуір арттыруда. Компания акционерлерінің жылдық шикі мұнай өндіру көлемі шамамен 20 млн тоннаны құрайды, ал CNPC Қазақстанда мұнай мен газды өндіруде маңызды серіктеске айналды», — деді CNPC Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясы директорының орынбасары.

Сонымен қатар, CNPC Қазақстанның өнеркәсібін жаңғырту шараларына белсенді түрде қолдау көрсетеді. Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы Қытай инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда. Қазақстанда компания $42 млрд-тан астам салық пен салым төлеп, $360 млн шамасында әлеуметтік қамсыздандыру жобасына қолдау көрсетті, осылайша 30 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыруға кепілдік береді. Келесі кезеңде CNPC Қазақстан мен Қытайдың мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығын бұдан да үлкен деңгейге көтеру мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын.

China COSCO Shipping директорының орынбасары Ван Юйхан COSCO Shipping мен «ҚТЖ» ҰК арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастары кеме қатынасы, темір жолдың ішкі ресурстары, контейнерлер мен кеңсе бөлмелерінің үйлесімділігі саласында одан әрі нығайып жатқанын айтты.

«COSCO Shipping пайда түсіру, антициклдік, ауқымды өсім және жаһандық төрт аспектіде, сондай-ақ ғылыми-техникалық қолдау білдіруге белсенді қатысып, баса назар аударады», — деді Ван Юйхан.

Форум барысында, сондай-ақ, АХҚО Биржасының басқарма төрағасының орынбасары А. Тұрлығұлова, Астана қаласындағы Қытай мемлекеттік даму банкі бөлімшесінің өкілі Л. Тао, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры Н. Шманов, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры А. Джувашев, Қазақстанның Омарташылар ұлттық одағының вице-президенті А. Добровольский сөз сөйледі.

Қазіргі таңда Қытай Қазақстан экономикасына салынатын тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша жетекші орындардың бірінде тұр. Соңғы 10 жылда көрші мемлекеттен Қазақстан жобаларына $15 млрд астам инвестиция салынды. Қытай компаниялары Қазақстаның индустрияландыру шараларына және ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға белсенді түрде атсалысуда. 2017 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сыртқы сауда айналымы 30% астамға артып, $10,5 млрд құрады.

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен «Kaznex Invest» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің базасында құрылған. Алға қойылған міндеттерге сәйкес Kazakh Invest ҚР Үкіметі атынан ірі инвесторлармен және мақсатты трансұлттық компаниялармен бірегей келіссөз жүргізуші ретінде әрекет етуі тиіс.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 07 қыркүйек 2018

Мұрағат

Қыркүйек
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту