Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында халықаралық телекоммуникациялар одағының форумы өтіп жатыр. Оған Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысуда.

Форум аясында Абаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының іске асуымен бөлісті. Сондай-ақ шара барысында министр шетелдік әріптестермен кездесіп, үкіметтік деңгейде сандық технологияларды дамыту және қауіп-қатерлерден сақтану жолдарын талқылады.

Айта кеткен жөн, форум үкіметтік органдар, корпорациялар мен жоғары технологиялар өндіруші компаниялардың өзара іс-қимылын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған. 

Шара аясында сандық технологиялардың көрмесі өтеді. 

ҚазАқпарат

Жарияланды: 11 қыркүйек 2018

Мұрағат

Қыркүйек
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту