Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысына іс-сапары кезінде ашылғанына көп болмаған майнингтік қызмет көрсететін «БНКА Энерджи» ЖШС-нің техникалық мүмкіндігін бағалап, болашақ даму жоспарымен танысып қайтты.  

Майнингтік жәшіктер мен басқару бекетіндегі электрлік есептеуіштердің жұмысын бағалаған Премьер-Министрге «БНКА Энерджи» ЖШС-нің техникалық директоры Ж. Әлдебергенов дата-орталықтың бар мүмкіндігін көрсетіп, атқарылып жатқан жұмыс пен алға қойған мақсат туралы баяндап берді. Жоба бірнеше кезеңмен жүзеге асырылып жатыр. Алғашқысы 6 тамызда жұмысын бастаған, қазір компания 4 МВт электр энергиясын тұтынады.

Жоспар бойынша 20 қыркүйекте қосылатын келесі компанияда бұл көрсеткіш 11 МВт дейін артпақ. Одан кейінгі белес 10 қарашада 18 МВт көрсеткішімен бағындырылмақ. Жыл соңында «БНКА Энерджи» ЖШС 33 МВт тұтынуды жоспарлап отыр.

Қазақстандық компания майнингтік фермаларға хостинг қызметін ұсынумен де айналысады. Бұл қызмет ішіне майнинг құрылғыларын орнату, құрал-жабдықты бақылау және сараптау, үздіксіз электр энергиясы мен интернет желісімен қамтамасыз ету жұмысы кіреді. Қазіргі уақытта аталмыш компания осы саладағы алдыңғы азулы кәсіпорындарының қатарында. Орталықтың дәл осы өңірде ашылуына элект қуатының артылуы мен тарифінің төмендігі, кәсіби деңгейі жоғары мамандардың болуы себеп болған. Енді ірі майнингтік фермалар мен компаниялар тартылса, Павлодар аймағы еліміздегі блокчейн-технологияларды қолданатын алдыңғы қатарлы орталыққа айналары сөзсіз.

Бүгінде құны 5,7 млрд тг тұратын орталықта 16 адам жұмыс істейді. Жоба аяқталғаннан кейін 60-қа жуық жұмыс орны құрылады. Тоқсан сайын мамандар Қытайға біліктілікті арттыру үшін майнинг-жабдықтар шығарылатын зауытқа жіберіледі. Ол жақта мамандар жабдықтарды қалай жөндеп, олармен қалай жұмыс істеу керек екенін үйренеді.

Еске сала кетейік, 2017 жылғы маусым айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Х Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінде әлемдік валюта құру мәселесін көтерген еді. Сол кезде Мемлекет басшысы әлемдік қаржы архитектурасын түрлендіру қажеттігі туындағанын, халықаралық есеп айырысу-төлем бірлігін енгізу мәселесін мұқият қарайтын уақыттың жеткінін айтты. Бұл әлемді валюта соғыстарынан, алып-сатарлықтан арылтып, сауда қатынастарында қателіктерге жол бермеуге мүмкіндік берер еді. Оған қоса валюта өзінің тұтынушыларына бағыныңқы эмиссияның қарапайым, айқын тетігіне ие болуы керек.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 14 қыркүйек 2018

Мұрағат

Қыркүйек
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту