Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Германиядан келген сарапшылармен кездесу өткізді, олардың қатарында: Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс тобының тең төрағасы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан республикаларындағы КНАУФ компаниясының маркетинг және өткізу жөніндегі директоры Д. Пропп, Орталық Азиядағы Германия экономикасы төрағалығының басшысы, ҚР-дағы Германия экономикасы одағының төрағасы Р. Брайтнер бар.

Кездесу барысында кадрларды дайындау мен қайта даярлаудың тиімділігі жоғары бәсекеге қабілетті жүйесін одан әрі жетілдіру, қосарлы білім беруді іс жүзінде енгізу, өндірістегі жетекшілердің біліктілігін арттыру және жалпы Қазақстандағы кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту арқылы Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері талқыланды.

Шетелдік сарапшылар Германиядағы кәсіптік білім беру саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Бонн қаласының Кәсіптік білім және оқыту федералдық институтының ғылыми қызметкері Х. Л. Кресс қосарлы білім берудің артықтылықтары, оны еліміздің ұлттық экономикасына енгізу мен оның үлесінің тетіктері туралы айтып берді.

Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р. Дәленов пен «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары О. Ордабаев атынан қазақстандық қатысушылар Қазақстанда қосарлы білім беруді енгізудің қазіргі жағдайы туралы айтып, кәсіптік білім беруді жаңғырту және жоғары білікті мамандарды даярлаудың жаңа деңгейіне көшудің маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталып өтті.

Қазақстанда қосарлы білім беру жүйесі 2012 жылдан бастап енгізіліп жатыр. Қазіргі таңда аталған жүйе 80 мамандық пен 165 біліктілік бойынша 31607 студентті қамти отырып, 3055 кәсіпорынның қатысуымен 460 колледжде (70%) (2013 жылы – 176 колледж, 2014 жылы – 280 колледж, 2015 жылы – 348 колледж, 2016 жылы – 421 колледж) енгізілген.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 04 қазан 2018

Мұрағат

Қазан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту