Бүгін Үкімет отырысында Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында қойылған міндеттер аясында білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін қарастыру барысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мектептегі, мектепке дейінгі және жоғары білім сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің және бірқатар өңірлердің әкімдерінің баяндамаларын тыңдаған соң Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы өз Жолдауында ата-аналардың балалардың қауіпсіздігі мен оқыту жағдайларына алаңдаушылық білдіретінін атап өткенін айтты.

Осыған байланысты, Білім және ғылым министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлу тапсырылды. ҚР Премьер-Министрі білім мекемелеріндегі үш ауысымдық оқыту, тамақтандыру және ауыз су, ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға жағдай жасау, мектептерді спорт залдармен қамту мәселелерін шешу қажеттігін жеткізді.

Білім және ғылым министрлігіне жан басына қаржыландыру тетігін пайдаланумен жаңа мектептер салу жұмыстарын жандандыру, сондай-ақ оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың мүдделерін көздейтін жаңашылдықтар бойынша жедел әрі айқын түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Жалпы, ҚР БҒМ Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың жалпыұлттық жоспарында қойылған барлық міндеттерді нақты орындауы тиіс.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 09 қазан 2018

Мұрағат

Қазан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту