Бүгін Үкімет отырысында Бақытжан Сағынтаев мүмкіндіктері шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселесін қарау қорытындысы бойынша ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Премьер-Министр мүмкіндіктері шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартудан тұратын әлеуметтік мәселенің маңыздылығын атап өтті.

«Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жыл сайын қаралады. Бұл өте маңызды мәселе. Мемлекет басшысы өз Жолдауында мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құру қажеттігіне баса назар аударды. заматтардың қоғам өміріне

белсенді атсалысуы, білім алуы, еңбек етуі, сапалы медициналық қызмет алуы өте маңызды», — деді Б. Сағынтаев.

Премьер-Министрдің айтуынша, биыл мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары аяқталады. Сондықтан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жылдың соңына дейін жаңа Жоспар әзірлеуі керек. Жоспарда әрбір шара бойынша индикаторлар мен нақты мерзімдер көрсетілуі тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігіне мүгедектіктің көбею себептеріне талдау жүргізіп, оған әкеліп соғатын аурулардың алдын алу және медициналық оңалту сапасын арттыру бойынша шаралар әзірлеу тапсырылды.

Білім және ғылым министрлігі мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарына еркін қол жеткізу арқылы барлық жерлерде инклюзивті білім беруді енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 09 қазан 2018

Мұрағат

Қазан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту