Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич «БК Тесла Парк» көпфункционалды тұрғын үй кешенінің болашақ құрылысы жүргізілетін орынға капсула салды.

Б. Сағынтаев пен А. Вучич Жолдау мәтінін капсулаға енгізіп, оны құрылыстың іргетасы қаланатын жерге бірге салды. Жолдау мәтінінде «БК Тесла Парк» көпфункционалды тұрғын үй кешенін салу екі ел арасындағы әріптестік байланыстарды одан әрі нығайтуда тағы бір қадам болатыны және ұрпақтардың есіне бір-біріне деген өзара сый-құрметті салатыны атап өтілген.

«Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы тұрғындарының арасындағы достық біздің бауырлас халықтарымыздың арасындағы сан ғасырлық қарым-қатынастар тарихының ерекше беттері болып қала береді», — делінген Жолдауда.

Сонымен қатар шараға Астана қаласның әкімі Б. Сұлтанов, ҚР-ның Сербиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н. Рүстемов, Сербияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі В. Матич қатысты.

Еске сала кетейік, Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич Астанаға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысу үшін ресми сапармен келді.

Нысанды салу кезеңі 2018–2023 жж. жоспарланған. Учаске аумағы 61 га. Шамаланған инвестициялар көлемі $500 млн.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 09 қазан 2018

Мұрағат

Қазан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту