Бюджетті нақтылау заң жобасы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының әкімшілік мәртебелеріне қатысты тапсырмаларды орындау үшін әзірленді. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті.

«2018 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын талқылауға шығарып отырмыз. Заң жобасы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының әкімшілік мәртебелерін өзгерту туралы Мемлекет басшысының Жарлығын және оларды дамыту бойынша шаралар қабылдау туралы тапсырмаларды іске асыру үшін әзірленді. Ағымдағы жылдың күзгі нақтылауының негізгі сипаттамаларын осы факті анықтайды», - деп тоқталды министр.

Мұнымен қоса, ведомство басшысы бюджеттің негізгі параметрлері өзгермегенін атап өтті.

«Мұнай бағасының өсуіне байланысты макроэкономикалық болжамды түзету - Ұлттық қорға түсетін түсімдердің көлемінен көрініс табады. Бұл биылдың өзінде де жинақтау саясатына қайтуды қамтамасыз етеді. Екіншіден, бюджеттің негізгі параметрлері өзгерген жоқ. Түсімдері мен шығыстар 12,6 млрд теңгеге ұлғайды. Бұл өзгерістер Түркістан облысынан берілетін кері трансферт пен оны 15,1 млрд теңге сомасында Шымкент қаласына жіберу, сондай-ақ бюджеттік несиелерді өтеу көлемінің 2,5 млрд теңгеге азаюы жағына нақтылауының есебінен қалыптасты», - деп түсіндірді Ә. Смайылов.

Оның сөзіне қарағанда, бюджеттің шығыс бөлігіндегі түзетулер үнемдеу шаралары есебінен іске асырылады.

«Сонымен қатар, бюджеттің шығыс бөлігі бойынша барлық өзгерістер іс жүзінде қалыптасқан үнемдеу және бюджеттік бағдарламалар әкімшелерінен күтілетін игермеу есебінен ғана жүргізілді», - деді ведомство басшысы.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 11 қазан 2018

Мұрағат

Қазан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту