Бүгін ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысының мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы баяндап берді.

Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында «сапа» мемлекеттік қызметкердің жаңа өмір салтына айналуы, ал өзін- өзі жетілдіру — оның басты принципі болуы тиіс екенін айтқан болатын.

Жаңа форматтағы мемлекеттік қызметкерлер мемлекет пен қоғам арасындағы аралықты қысқартуы тиіс. Яғни, тұрақты кері байланыс орнатылуы, адамдарға мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері талқыланып, түсіндірілуі керек.

Т. Сүлейменовтың айтуынша, мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне жалақы төлеудің факторлық-баллдық шкаласына көшу — аса маңызды реформа.

«Мұның астарында қарапайым идея жатыр. Барлық реформаларды адамдар іске асырады. Біз мұны жақсы түсінеміз әрі басшылық етуді жақсы білеміз. Егер бізде жергілікті жерлер мен орталықта кәсіби, адал, мемлекеттік ауқымда ойлай алатын шенеуніктер болмаса, реформа қаншалықты әдемі жазылып, ұсынылған болса да, ол дұрыс іске асырылмайды, сондықтан адамдар оның әсерін сезінбейді», — деді министр.

Биыл төрт мемлекеттік органда пилоттық режимде жалақы төлеудің жаңа моделі енгізілді. Барлық пилоттық жобалар жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. Мемлекеттік қызметке қызығушылық артты, әсіресе өңірлік деңгейде оның өзектілігі жоғары.

Тиімсіз шығындарды оңтайландыру және басшылық құрамын қысқарту есебінен төменгі және орта буындағы қызметкерлердің жалақысы 2–2,5 есе өсті. Кадрлардың жұмыстан кетуі 2 есе қысқарды. Беделді жоғары оқу орындарын бітірген түлектерді қоса алғанда, біліктілігі жоғары кадрлардың жеке сектордан келуі 3 есе артты.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде орталық аппаратқа арналған конкурс бір орынға 28 адамға дейін, ал өңірлік құрылымдарда бір орынға 60 адамға дейін өсті. Маңғыстау облысының әкімдігіндегі бір бос орынға енді 16 адам, ал Әділет министрлігінде орта есеппен 13 адам үміткер болып отыр. Қазіргі уақытта көптеген мемлекеттік органдар жаңа модельге көшуді қалап отыр.

Факторлық-баллдық шкала мәні дегеніміз — әкімдіктердің, министрліктердің қызметкерлерінің жалақысын нарықтағы орташа жалақыға, саладағы орташа мәндерге шамаластыру.  

«Бүгінде әкімдікте жоспарлаушы экономист және жекеменшік кәсіпорында сондай жоспарлаушы жұмыс істесе, кәсіпорындағысы 120 мың теңге алса, әкімдіктегісі 60 мың теңге алатын болса, біз әкімдікте жақсы кадрларды кездестірмейтін боламыз, тек қалған адамдар ғана қалып отырады. Яғни, мемлекеттік саясатты іске асыратын кадрлар қажет», — деді Т. Сүлейменов.

Осыған байланысты, министр атап өткендей, үш негізгі бағыт: негізгі, аралық және қосымша блоктар бойынша бөлу іске асырылады. Негізгі жүктемені алған, мемлекеттік саясатты іске асыруы тиіс департаменттер мен басқармалар көбірек алу құқына ие болады.

«Қазір бізде белгілі дәрежеде теңгерімдік бар. Егер мен департамент директоры болсам, алдын-ала анықталған тарифтік кесте бойынша бірдей қаражат аламын. Сонымен қатар, қосымша мәселелерді шешумен де айналыса аламын: жалақыны есептеу және т.б. Департаменттің басқа директоры министрліктің фронт-кеңсесі болып табылады», — деп мысал келтірді министр.

Сөз соңында Т. Сүлейменов МҚІА арқасында үлкен талдау жүргізілгенін атап өтті. Санаттар мен факторлар және ұпайлар беріліп, осылайша, еңбекақы төлеу кезінде ынталандыру принципі қолданылмақ. Ең көп жұмыс істеген адам жоғарғы жалақы алуға құқылы. Бүгінгі таңда жоба пилоттық режимде екі әкімдік пен екі мемлекеттік органда жүзеге асырылуда. Нәтиже оң болса, барлық басқа мемлекеттік органдар да осы жүйемен жұмыс істейтін болады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 18 қазан 2018

Мұрағат

Қазан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту