Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстар жөніндегі селекторлық кеңестер циклін жалғастырды.

Кеңес барысында Алматы, Атырау, Қарағанды және Қызылорда облыстары әкімдіктерінің жұмысы бойынша тоғыз айдағы алдын ала есептер және 2018 жылдың соңына дейінгі жоспарлар талқыланды.

Облыс әкімдері А. Баталов, Н. Ноғаев, Е. Қошанов және Қ. Көшербаев селекторлық режимде базалық индустрияландыру, АӨК, ОЭК, көлік және логистиканы, сауда, денсаулық сақтау, білім беру, туризм секторларын дамыту, экономика салаларын цифрландыру және АКТ, жаппай кәсіпкерлікті және өнімді жұмыспен қамтуды жетілдіру бағыттары бойынша мақсатты индикаторларға қол жеткізуге жасалған талдауларға сәйкес баяндама жасады.

Сондай-ақ, кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасары Е. Досаев, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р. Дәленов, энергетика бірінші вице-министрі М. Досмұхамбетов, денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева, ауыл шаруашылығы вице-министрі Б. Бейсенғалиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н. Мұқышев, инвестициялар және даму вице-министрі Т. Тоқтабаев түсініктеме беріп өтті.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 18 қазан 2018

Мұрағат

Қазан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту