Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар мен ұсынылған шаралар туралы ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, бірқатар облыстардың әкімдері, сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметов баяндады.

Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов нормашығармашылық жұмыстар аясында биылғы шілдеде айында қолданыстағы заңнамалық актілерге ЕДБ үшін өтімді кепілдікті қамтамасыз ету ретінде мемлекет тарапынан тұрақты төлемдерді көздейтін МЖӘ шарттарын тану тұрғысынан бірқатар түзетулер қабылданғанын айтты. Бұл шара банктерге қаражаттың қайтарылуын кепілдендіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жеке әріптес өзіне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайда жеке әріптесті ауыстыру функциясы көзделген.

Бюджеттен төленетін елеулі төлемдері бар МЖӘ инфрақұрылымдық жобаларының басым бөлігін іске асыру үшін МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер лимиттерін айқындау әдістемесіне өзгерістер енгізілді. Республикалық маңызы бар қалалар үшін жалпы сипаттағы трансферттерді ескере отырып, меншікті кірістерден 0,5-ке дейінгі коэффициенттер ұлғайтылды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ЕДБ және өзге де кредиторлар алдындағы міндеттемелері алынып тасталды. Бұл шара 2018–2020 жылдарға арналған жергілікті атқарушы органдардың лимиттерін ұлғайтуға жол ашты, жалпы лимит 674,2 млрд теңгеден 937,5 млрд теңгеге дейін, яғни 39%-ға ұлғайды.

«Жалпы еліміздің МЖӘ дамуында оң серпін байқалады. Үлкен әсер алу үшін Қаржы министрлігіне 10.07.2017 дейін жасалған МЖӘ шарттарын тіркеуді қамтамасыз етуді және мемлекеттік міндеттемелері жоқ МЖӘ шарттарын тіркеу процесін бастауды ұсынамыз. Салалық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға 1 және 2 санаттағы жобаларды іске асыруға артықшылық беру, сондай-ақ, МЖӘ-ні дамыту бойынша Жол карталарының орындалуын бақылауды күшейту ұсынылады. Мемлекеттік органдарға Қазақстандық МЖӘ орталығымен бірлесіп, МЖӘ мәселелері бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұсынамыз», — деді Т. Сүлейменов.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, қазіргі уақытта жалпы сомасы 1096,2 млрд теңгеге 443 шарт жасалған. 15 қазандағы жағдай бойынша 142,1 млрд теңге сомасына 275 нысан, оның ішінде 2018 жылдың 10 айында — 29,1 млрд теңге сомасына 49 нысан пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда 1,5 трлн тг сомасына 721 жоба даярлаудың түрлі сатысында тұр. Осы жылдың 10 айында жобалар саны 253 бірлікке ұлғайды.

Өңірлік бөліністе жасалған 449 келісімшарттың көпшілігі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларына тиесілі. Өз кезегінде МЖӘ тетігін сумен жабдықтау, инженерлік инфрақұрылым, туризм салаларында қолдану келешегі аталып өтті.

«Жалпы, МЖӘ тетігін қолдану 2016–2018 жж. кезеңі ішінде 275 нысан бойынша 142,1 млрд теңге сомасына бюджетке түсетін бір жолғы жүктемені азайтуға мүмкіндік берді және медициналық мекемелерде айына 77 мың рет келу, 30 мың баланы балабақшалардағы орындармен, 2500 келуге арналған 6 спорттық-сауықтыру кешендерімен қамтамасыз етілді», — деді Т. Сүлейменов.

Өз кезегінде инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек қазіргі уақытта ведомство жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің тетігі бойынша 18 жоба пысықталу және іске асырылу сатысында, соның ішінде 3 жоба автомобиль жолдары саласында, 1 жоба теміржол көлігі саласында, 2 жоба азаматтық авиация саласында, 12 жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және энергия үнемдеу салаларында.

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) салу және пайдалану» жобасы бойынша 2018 жылдың 7 ақпанында «Алсим Аларко – Макйол – СК – Кореян ЭкспрессВэй» консорциумымен шарт жасалды. Биылғы 31 мамырда құрылыс жұмыстары басталды. Толықтай құрылысқа жер бөлу мәселесі шешілді, учаскелерде техниканың және жұмысшылардың жұмылдырылуы аяқталды, карьерлер рәсімделді. 2025 жылы құрылыс жұмыстарын аяқтап, жолды ақылы негізде пайдалануға беру көзделеді. Құрылыс кезеңінде 3 мыңға жуық жұмыс орындары ашылады. Жол қала сыртына тәулігіне 38 мың автокөлік құралдарының шығуына жол береді, бұл, Ж. Қасымбектің айтуынша, транспорттық коллапстардың алдын алады және қаланың экологиясына оң әсер етеді.

Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы жобасы бойынша ағымдағы айдың соңында ең жақсы техникалық ұсыныстарды анықтауға конкурс жариялау жоспарлануда. Жалпы жоба, Алматы станциясын 40 %-ға жеңілдетуге және сол арқылы транзитпен жүретін жүктерді тасымалдау мерзімін екі тәулікке қысқартуға мүмкіндік береді. МЖӘ жобасы іс-әрекетінің кезеңі 30 жыл — 2021 жылдан 2051 жалға дейін.

«Алматы–Қорғас» автомобиль жолы учаскесіндегі «Нұр Жолы» автомобиль өткізу пунктінің инфрақұрылымын салу» МЖӘ жобасы аясында 27 қыркүйекте «Нұр жолы» өткізу пункті ресми іске қосылды. Ескі «Қорғас» өткізу пунктімен салыстырғанда Қазақстан және Қытай арасындағы «Нұр жолы» өткізу пунктінің қабілеті 10 есе, яғни тәулігіне 2500 автокөлік құралдарына дейін өседі. Қазіргі уақытта жеке әріптес жобаны 2026 жылға дейінгі пайдалануға кірісті.

«Түркістан облысының жедел автомобиль жолдарын салу және пайдалану» концессиялық жобасы Қазақстан және Өзбекістан арасындағы жүк айналымы көлемін ұлғайтуға, Шымкент және Сарыағаш қалалары сыртына тәулігіне 25 мың автокөлік құралдарына дейін шығуына септігін тигізеді. Қазіргі уақытта консультанттар конкурстық құжаттаманы әзірлеуді аяқтауға жақын қалды. Одан әрі желтоқсанның ортасына дейін экономикалық қорытынды алу және жылдың соңында конкурс жариялау жоспарланған.

Сондай-ақ, Ж. Қасымбек e-Freight — жүк авиатасымалдары саласындағы қағазсыз құжат айналымының ақпараттық жүйесін енгізу және бейімдеу туралы баяндады.

«Аталған МЖӘ жобасы 2016 жылғы желтоқсанда басталды. 2018 жылы 14 маусымда жеке инвестормен МЖӘ шартына қол қойылды. Желтоқсан айында ақпараттық жүйенің енгізілуін өткізу жоспарлануда. Бұл жүк тиеу уақытын бір күннен бір сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді», — деді министр Ж. Қасымбек.

Инвестициялар және даму министрі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі жобаларын іске асыруға қатысты, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Министрлік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы 11 жергілікті МЖӘ жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізетінін атап өтті.

«Бүгінгі күні Атырау, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары және Алматы қаласында 6 жоба бойынша жеке инвесторлармен шарттар жасалды. Сонымен бірге, біз құны 50 млрд теңге болатын Маңғыстау облысындағы «Су тұщыту зауытын салу» жөніндегі концессиялық жобаны ең перспективалы жоба деп санаймыз. Осы жобаны іске асыру өңірдегі ауыз судың тапшылығын 71,4 %-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», — деді Ж. Қасымбек.

Энергия үнемдеу саласында «Транспорт Тауэр» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратының жарықтандыру жүйесін жаңғырту және пайдалану» жобасы іске асырылып жатыр. Бұл, энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің қағидаты бойынша энергия сервистік шарттардың тетігін қолдана отырып іске асырылып отырған бірінші республикалық жоба. Сонымен қатар, өңірлермен бірлесіп жалпы сомасы 9,7 млрд теңгеге энергия үнемдеу саласында үш жоба іске асырылуда.

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуы туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндады. Қазіргі кезде денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі 261 жобаны құрайды, оның ішінде үш республикалық және 258 жергілікті маңызды жоба. 68 жоба бойынша шарт жасалды, 193 жоба — дайындалу сатысында.

«Жобалар дәрігерлік амбулаторияларды, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттерді, емханаларды, стационарларды салуды және оны пайдалануға беруді, медициналық техникамен жарақтандыруды және т.б. көздейді», — деді Е. Біртанов.

Бүгінгі таңда университеттік ауруханаларды құру бойынша үш мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылуда. Алматы қаласындағы университеттік аурухана бойынша концессиялық ұсынысқа экономикалық сараптаманың оң қорытындысы алынды, конкурстық құжаттама әзірленуде. Қарағанды қаласындағы университеттік аурухана бойынша Азия даму банкімен бірлесіп, құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Қазақ ұлттық медицина университетінің жанынан 1 265 төсектік біріктірілген университеттік аурухананы құру жобасы бойынша Ұлттық экономика министрлігінің инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытындысы алынды.

Жекелеген өңірлердің белсенділігінің өскені байқалады, осылайша, жасалған 68 мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының 34 шарты биыл жасалды. Дайындық сатысында 190 жергілікті жоба бар, оның ішінде конкурс сатысында – 64 жоба. 2016–2018 жылдары өңірлерде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасаудың оң қарқыны байқалуда. 2018 жылдың соңына дейін тағы жеті МЖӘ шартын жасау жоспарлануда. Жасалған 67 шарттың шеңберінде 44 МЖӘ объектісі пайдалануға берілді, оның ішінде магниттік-резонанстық және компьютерлік томографтар, сондай-ақ, 11 дәрігерлік амбулатория, 8 зертхана, 6 гемодиализ және офтальмалогиялық орталық, 3 қалалық емхана және оңалту орталығы және бір жедел жәрдем станциясы ашылды, сондай-ақ, 1003 жұмыс орны құрылды.

МЖӘ жобаларын мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде іске асыру үшін («бағдарламалық МЖӘ») ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына қажетті түзетулер енгізілді. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек желісін дамыту бойынша тәсілдер ҚР Үкіметінің отырысында мақұлданды, амбулаториялық-емханалық объектілерді салу (құру) оның ішінде «бағдарламалық МЖӘ» шеңберінде іске асырылатын болады.

Денсаулық сақтау ұйымдарын «бағдарламалық МЖӘ» аясында медициналық құрылғымен жарақтандыру ҚР онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018–2022 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында пысықталуда.

Осы жылы өңірлік перспективалық жоспарлардың негізінде инвестицияларды жоспарлау жүйесін енгізу бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

«Жалпы, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру 2000-ға жуық амбулаториялық-емханалық объектіні және 427 ауруханалық объектіні дамытуға 1,3 трлн теңгеден астам инвестицияны жоспарлы жүзеге асыруға мүмкіндік беруі тиіс. Бәсекелестікті дамыту, тарифтік саясатты, цифрландыруды жетілдіру бойынша шаралармен бірге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жағдайында денсаулық сақтау ұйымдарының заманауи тиімді инфрақұрылымы МЖӘ тетіктерін енгізудің нәтижесі болады», — деді Е. Біртанов.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов өз баяндамасында 2,5 жыл ішінде МЖӘ жобаларының саны 20 есеге ұлғайғанын атап өтті.

«2016 жылы заң қабылданған кезде үш жоба болды. Қазір таңда іске асырылған және жоспарланған жобалар саны 20 есеге артты. Оның ішінде білім беруде – 60%, денсаулық сақтау саласында – 20%. Бұл өте жақсы көрсеткіштер», — деді А. Мырзахметов.

Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына мониторинг жүргізу туралы айтты. ҚР ҰЭМ «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, депутаттар, қауымдастықтар көшбасшылары, қоғам қайраткерлері қосылған МЖӘ саласындағы мониторинг жүргізу бойынша кеңес құрды. Кеңес түрлі жақтан МЖӘ жобаларын талдайды.

Өңірлерде МЖӘ жобаларын іске асыру барысы туралы Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов, Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Астана қ. әкімі Б. Сұлтанов баяндады.

Премьер-Министрдің орынбасары Е. Досаев мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудағы оң үрдісті атап өтті және алдағы жұмыс МЖӘ-ні артта қалған аймақтарда дамытуға баса назар аудара отырып жасалатындығын айтты. Бұл үшін барлық жағдайлар жасалғаны, сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігінің ұсыныстары ескерілетіні аталып өтті. Бұдан өзге, көлік және инфрақұрылымды дамыту салаларында МЖӘ жобаларын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

Мәселені қарастыруды қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев облыстардың әкімдеріне МЖӘ жобаларын іске асыру сапасына баса назар аударуды тапсырды. Ұлттық экономика министрлігіне лимит мәселесін бақылау тапсырылды. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бөлінген лимиттің көлеміне қарай, оның ішінде қаражат көп қажет ететін жобалардың орындылығы мен сапасы мәселесін қарастыру тапсырылды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 23 қазан 2018

Мұрағат

Қазан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту