Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асырудың 2018 жылдың 10 айындағы қорытындысы шығарылды. Бейінді министрліктер мен өңір әкімдерінің баяндамаларын тыңдағаннан кейін, Премьер-Министр Б. Сағынтаев өзектілендіру жоспарлары мен бағдарламаның мемлекеттік мәртебесімен қайта бекітілуін ескере отырып, оны одан әрі іске асыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.

Берілген мәліметтерге сәйкес, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының жоспарлы көрсеткіштері орындалғаны аталып өтті. Сонымен қатар, Премьер-Министр барлық өңірлерге Бағдарламаны іске асыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп, нысаналы топтарды, атап айтқанда жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың табысын арттыру үшін азаматтарды өнімді жұмыспен қамтуға тарту бойынша қабылданып жатқан шаралардың әсеріне мониторинг жүргізу жүйесін жолға қоюы керектігі тапсырылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Атамекен» ҰКП және өңірлермен бірігіп «Бизнес-Бастау» жобасымен білімін жетілдіргендерді шағын несиемен қамту мәселесіне ерекше назар аударуы керек.

Бұдан бөлек, бағдарламаның орындалуын жеке өңірлік жұмыспен қамту бағдарламалары, оның ішінде бюджеттік қаражаттың тиімділігі тұрғысында іске асырылуын ескере отырып талдау жасау тапсырылды.

Б. Сағынтаев Үкімет мүшелеріне өзектендірілген бағдарламаның тиімділігі тұрғындардың табысының өсімінен де бағалануы тиіс екендін еске салды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 30 қазан 2018

Мұрағат

Қазан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту