ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Халықаралық Қызыл Крест комитетінің (ХҚКК) вице-президенті Жиль Карбоньені қабылдады.

Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосынан мәлім еткендей, Жиль Карбонье Астанаға ХҚКК президенті Петер Маурердің «Ядролық қару: жаһандық апаттың алдын алу» атты үндеуін Қазақстан басшылығына тапсыру үшін арнайы келген.

Қызыл Крестің өкілі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусызданудағы ролін және бірқатар дағдарыстық жағдайларды реттеудегі еліміздің дәнеркеші әрекетін жоғары бағалады.

Тараптар Қазақстанның Қызыл Крестпен ынтымақтастығын, Сириядағы жағдайды реттеудегі Астана процесінің үлесін, Ауғанстанға гуманитарлық көмек, қақтығыс аймақтарындағы ХҚКК-ның дәнекерші қызметін және еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамындағы жұмыс тәжірибесін ескере отырып, болашақ өзара ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады.

Қ. Әбдірахманов Елбасының жақындағы бастамасы - үздік елдер арасындағы экономикалық, саяси қарсыластықтардың ахуалды мәселелерін шешу мақсатында Қытай, АҚШ, Ресей, және Еуропа Одағы арасындағы диалогты жақсарту үшін БҰҰ-ның арнайы сессиясы форматындағы кезедесуді Астанада өткізуге болатындығын атап өтті. Бұндай диалог санкциялық және сауда қарсыластығын жоюды, сенім орнату, тұрақты дамуды қамтамасыз ету, кедейшілікті жою, дамып келе жатқан әлемге қолғабыс көрсету мақсатында терроризмге және басқа да заманауи тегеурінді талаптар мен қатерлерге қарсы күресті көздейді.

Қ.Әбдірахманов Қазақстандағы Қызыл Крест Өкілдігін ашу туралы ҚР Үкіметі мен ХҚКК арасындағы келісімді ратификациялау үрдісінің аяқталу үстінде екендігін хабарлады.

Өз кезегінде ХҚКК вице-президенті Сыртқы істер министрлігіне Қазақстандағы комитет жұмысына қолдау  көрсететіндігіне алғыс білдірді. Сонымен қатар, ұлттық және өңірлік деңгейлерде, соның ішінде Ауғанстанда бірлескен жобаларды іске асыруда, қазақстандық бітімгершілерді дайындауда, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін оқытуда өзара ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендігін атап өтті.

Ж.Карбоньенің Астанаға сапары барысында ҚР Сыртқы істер министрлігі, Халықаралық Қызыл Крест Комитеті және Қазақстандағы Швейцария Конфедерациясының Елшілігі бірлесіп алғаш рет ҚР қазақ тіліне аударылған 1949 жылғы Женева конвенцияларын және оған қосымша хаттамалардың тұсаукесерін өткізді.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 31 қазан 2018

Мұрағат

Қазан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту