Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев 2018 жылғы 6–7 қараша аралығында Сингапурде өтетін Bloomberg New Economy Forum-ға қазақстандық делегацияның қатысуы аясында Сингапур Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тарман Шанмугаратнаммен кездесті.

Кездесу аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Президентінің биылғы 5 қазандағы ел халқына арнаған Жолдауындағы негізгі ережелер туралы, сондай-ақ басты құралдары адам капиталының сапасын арттыру, алдыңғы қатарлы технологиялар мен тәжірибелерді енгізу болып табылатын, Қазақстанның әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына кіруі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп өтті.  

Ерболат Досаев Қазақстанның экономика мен инвестициялар саласында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға әзір екенін айтып, Қазақстанның Сингапурды Оңтүстік-Шығыс Азия және АСЕАН аймақтарындағы негізгі серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Ал Сингапурдың сауда, қаржы, логистикалық және технологиялық орталық ретіндегі жалпыға танылған беделін ескерсек, екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынаста бұрынғысынша басымдыққа ие болып қала бермек.  

2018 жылғы қаңтар–тамыз айларында екі ел арасындағы тауар айналымы $300 млн астамды құрады, соның ішінде Қазақстаннан экспорт көлемі — $286,6 млн. Осыған орай, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың 20–21 қарашада Сингапурге жасайтын ресми сапары екі елдің үкіметтік деңгейінде де, бизнес-қауымдастықтары деңгейінде де байланыстарды кеңейтудің маңызды қадамы болмақ.

«Екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарының бірі – қалалар деңгейінде өзара іс-қимыл орнату. Бұл – “Қазақстан-2050” стратегиясының маңызды тұсы. Елордамыз Астана Сингапурмен іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен мән береді. 2016 жылғы қаңтарда Астана қаласының әкімшілігі сингапурлық Jurong Consultants компаниясы әзірлеген №2 индустриялық парктің бас жоспарымен таныстырды. Сингапурдың тәжірибесі аса пайдалы боларына сенімдімін. Біз сингапурлық компанияларды Қазақстанның екі үлкен қаласы – Алматы мен Астанада Smart City жобаларын іске асыруға белсене қатысуға шақырамыз», — деді Е. Досаев.

Сингапур Республикасының Үкімет басшысының орынбасары сингапур тарапының Қазақстанмен барлық бағыттарда ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін растап, өзара іс-қимылдың әлеуетті перспективаларын зерделеуге әзір екенін жеткізді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 06 қараша 2018

Мұрағат

Қараша
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту